Еліміздің басым аймағында жауын-шашын күтіледі
Кей аймақтарда тұман, көктайғақ, найзағай, желдің күшейюі сақталады.
Синоптиктер 26 наурызға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түсіп, оңтүстіктің кей жерлерінде қатты жауын-шашын болады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында ауа-райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр. Кей өңірлерде тұман, көктайғақ, найзағай, желдің күшейюі сақталып, оңтүстікте күндіз бұршақ болуы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Өңірдің басым бөлігінде екпіні 15-20, кей жерлерінде 23 м/с жел күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай болып, дауыл, желдің жылдамдығы 15-20 артып, екпіні 25 м/с күшейеді, түнде және күндіз кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бұршақ болуы мүмкін.
Солтустік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күшейюі 15-20 жетіп, екпіні 23-28 м/с болады.
Түркістан облысында күндіз найзағай болады, желдің күшейюі 15-20, екпіні 23 м/с артады деп күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстанда түнде және таңертең Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!