Қазақша реферат: Өзбек драма театры |

0






«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің өзбек драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналык кәсіпорны 2003-ші жылдың 14-ші наурызында жергілікті аймақ басшысының арнайы шешімімен ашылды. Қазақ жерінде ежелден еңбек етіп келе жатқан орыс, ұйғыр, кәріс, неміс театрларының сапьгаа осыдан 7 жыл бұрын келіп қосылған Оңтүстіктің Сайрам ауданында шаңырақ көтерген Өзбек драма театрының ашылу салтанатына (2003-ші жыл, 22-ші қазан) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өзі қатысқан болатын. Алғашқыда театрда небәрі жиырма екі-ақ қызметкер жұмыс істеген болса, бұл күндергі театрдың штаттық кестесі 52 кісінің тізімін құрайды. Соның ішінде таза шығармашылық топ — 25 адамнан тұрады. Жетеуі арнайы жоғары білімді.








Театр өзінің әуелгі маусымдарында көбінше өзбек және қазақ драматургтерінің шығармаларын сахналады. Мәселен, өзбек қаламгерлері Ш.Башбековтің «Темір қатын», М.Мырзаның «Қашан таң атады», С.Әнуардың «Қызметтеміз, қызметте», С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі», қазақ драматургі Д.Исабековтің «Ескерткіш операциясы» пьесалары кезінде едәуір табыстармен жүрді. Өзбек театры кейінгі жылдарда өзінің репертуарлық аясын кеңейте түсіп, классикалық шығармалармен бірге орыс, чех, драматургтерінің осы заманғы пьесаларына және жастар мен балаларға арналған туындыларға да ойдағыдай мән берді.

Сондай-ақ Е.Хушваковтың «Инабатты келіншек», Е.Жуасбектің «Үйлену», А.Жүмаевтың «Сусанбіл», Б.Пазыловтың «Ұлы тамшылар», Т.Махмұтовтың «Өмір соңындағы бақыт» шығармалары да көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Осы жылдар аралығында театр ұжымы облыстың аудандары мен қалаларында және де Өзбекстан Республикасының Жызақ аймағында, сол сияқты Алматы, Талдықорған, Тараз шәһарларында гастрольдік сапарлармен болып, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін талай рет танытты. Жылдан-жылға артистер таланты шыңдала тусіп, олар әртүрлі жанрдағы қойылымдарды еркін мең-гере бастағандары байқалады. Артистер, режиссерлер өз білім-біліктерін жетіктіре түсу мақсатында Алматы, Тәшкен өнер отауларында жиі болып, өнер талаптарына сай сынақтардан сүрінбей өтіп келеді. Театр шаңырағы көтерілген күннен бастап, шығармашылық үжымның басы-қасында жүрген режиссер Х. Құлабдуллаевтың еңбегі атап өтуге тұрарлық. Әйтсе де, театр талаптарын орындау жалғыз режиссердің қолынан келе бермесі белгілі. Сондықтан да, театр басшылығы Өзбекстанның, Қазақстанның белгілі режиссерлерін шақырып тұруды эдетке айналдырған. Өабекстандық М. Мансуров, М. Абдуллаева, А.Хожакулиев, Қ. Садуллаев қойылымдары мен жетісайлық, шымкенттік режиссерлер Ғ. Арынов пен А. Алтынбеков жарыққа әкелген дүниелер көрермен қауымның жадында. Көрермен демекші, осы жеті жыл аралығындағы театр беделі көңілдегідей. Алдағы күндерде, театр қүрамын жас мамандармен толықтыру мақсатында Т.Жүргенов атьшдағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында артист мамандығына жергілікті жастарды гранттық негізде оқыту міндеті жоспарда түр. Рухани қүндылыктарды ұдайы насихатгауда талмай ізденген Өзбек театр ұжымын (алғашқы күндерден бастап) күні кешеге дейін тынымсыз жетекші Зәкіржан-әкә Момынжанов басқарып келді.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!