Қазақша реферат: Атакелді Ысмайылов өмірбаяны |
Атакелді Ысмайылұлы Ысмайылов 1923 жылы 27 желтоқсанда Алматы қаласына қарасты «Горный гигант» ауылында дүниеге келген. Ол № 12 мектепті бітірген соң аәроклубты үздік аяқтап, авиациялық училищеге жолдама алады. Жастық шағы соғыс жылдарымен түспа-түс келгендіктен бе Атакелді ұшқыш болуды армандайтын. Сол алға қойған мақсатына қолы жетіп, Ташкент қаласындағы ұшқыштар училищесін 1943 жылы «атқыш-штурман» мамандығы бойынша аяқтап шығады. Бірақ А.Ысмайыловқа 1943 жылғы майдан даласында болған кездейсоқ апат салдарынан бұл мамандық бойынша еңбек ету мүмкін болмайды. Жараланса да соғыстан аман келгеніне қуанған ата-анасы той жасап, қаладан артистер шақырады. Олардың ішінде болған Жағда Өгізбаев алты жасынан бастап гармонь тартып, ән айтуды үйренген жас жігіттің талантын байқап, өзі өнерге баулыды. Сол кездерде театр артистері гастрольдік сапарларда алдымен спектакль қойып, соңынан концерт беріп отыратын. Атакелді сонда ән айтқан артистерді гармоньмен сүйемелдеп, кейін өзі де рольдерде ойнай бастайды. Ең алғашқы ролі Ш.Аймановтың «Штабта» атты бір актілі пьесасында солдат бейнесін жасаудағы алға талпынуымен, кейіпкер сөздерін тез жаттайтын зеректігімен көзге түседі. Жас таланттың кәсіби өнеріне жол ашқан сол кездегі театр директоры Орынбек Беков, Жағда Өгізбаев, Құрманбек Жандарбековтердің ықпалы-мен А.Ысмайылов 1944 жылы М.Әуезов атындағы драма театрға қабылданады. Сахнаның қыры мен сырын толық меңгеріп, әдеби шығармалардың мән-мазмұнын игеру мақсатында ол театр училищесін, одан кейін Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогика институтының (қазіргі АГУ) филология факультетін сырттай оқып бітіреді.
А.Ысмайыловтың бас театр сахнасында сомдаған кейіпкерле-рі: Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері — Ақтоқты» трагедиясында Сейіт, «Қозы Көрпеш — Баян сұлуда» Қозы, М.Әуезовтің «Абайында» (инсценировка) жас Абай, Ә.Әбішевтің «Достық пен махаббатында» Нүрлан, М.Горькийдің «Шыңырау түбіндесінде» гармоншы бала Алеша, К.Гоццидің «Қонақ үйдің қожасында» қызметші жігіт, Гогольдің «Ревизорында» Бобчинский, Мольердің «Сараңында» Валер, т.б.
А.Ысмайылов — қазақ сахнасында М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы желісімен қойылған Ш.Айманов пен Я.Штейн жасаған инсценировкада бала Абайдың ролін тұңғыш сомдаған актер. Тек кітаптан оқып немесе өлеңдерін жаттаудан ғана таныс ғұламаның балалық, бозбалалық кезін айқын бейнелеу өте қиын да жауапкершілігі мол жүмыс. Жас актер сол жауапкершілікті сезіне білді. Абайдың оқудан еліне келуі мен ел-жүрты, ағайын-туысымен сәлемдесуі және Тоғжанмен алғаш кездесу кездерінде сағыну, толқу сезімдерін актер нанымды береді. Жас та албырт бозбаланың ақылдылығы, мейірімділігі, әсіресе Қодар мен Қамқаның өлімін көрген кезде байқалады. А.Ысмайылов осы кездегі жас Абайдың қатал әкеге деген жеккөрушілік сезімін, жер бетіндегі қатыгездікке қарсы шыққан ішкі дүмпуін ерекше пафоспен, терең әмоциямен береді. Режиссер Ш.Аймановтың халық трагедиясын, ағайындар арасындағы тереңнен өрбіген тартысты Абай бейнесі арқылы беру идеясын түсінген актер ақынның балалық шақтан басталатын адамдық болмыс баспалдағын нық басып, кейіпкерін ұлылыққа дейін көтереді.
1954-55 жылдары Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының арнайы шақыруымен келген А.Ысмайыловтың үлкен сахнадан жинаған мол тәжірибесі балалар театрында өз нәтижесін береді. Бүл театрда ол Ш.Қүсайыновтың «Ғани Мұратбаевында» Ғани, «Алғашқы үшқындарында» Байғани, «Есірт-кен еркесінде» Шапық, Ш.Қүсайынов пен О.Бодықовтың «Әл-Фараби» трагедиясында Азатбек, М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсаринінде» Ыбырай, О.Бодықовтың «Отырар ертең қирай-дысында» Шыңғысхан, Б.Мүқайдың «Қош бол, менің ертегім» драмасында Әли қарт, Ш.Мұртазаның «Сталинге хатында» колхоз бастығы, «Бесеуге хатында» Сталин, Ә.Тәжібаевтың «Сағы-намын күн сайынында» Қаныш Сәтбаев, И.Байзақовтың «Ақбөпесінде» Әмірхан, Ж.Жұмаханов пен Б.Тәжібаевтың «Қаракөз қарындасымында» Атымтай, М.Иманжановтың «Жас өмірінде» Ораз, С.Шаймерденовтың «Дөкей келе жатырда» Сейсек, Чеховтың «Шағаласында» Сорин, С.Мүқановтың «Ботакөзінде» (инсценировкасын жасаған оның өзі) Кулаков, С.Сейфуллиннің «Қызыл сүңқарларында» Байділдә, т.б. жүзден аса кейіпкерлерді сомдайды. Бір-біріне үқсамайтын осындай кейіпкерлердің сахнада шынайы өмір сүруі, әпизодтық рольде немесе сахнаның үшінші планында (массовкада) жүріп-ақ айқын әрі нанымды характер жасау актердің табиғи дарыны мен талантының жемісі болса керек.
А.Ысмайылов Ш.Құсайыновтың «Есірткен ерке» пьесасында ата-ананың назарынан тыс қалған Мараттың қоғамдық қызметтен босамайтын әкесі Шапықтың жуас мінезін, бала тәрбиесіне келгенде бар қиындықты әйеліне жүктейтін енжар қалпын көрсетеді. Баласының нашақорлық жолға түскенін естігенде қатты күйінген әке — Ысмайыловтың хал-күйі трагедиялық сипатқа көтеріледі. Кейіпкерінің балаға дүрыс тәрбие бермеген әйеліне деген ашуын, іс-әрекеті шектен шыққан тентек үлға деген ренішін актер негізгі нысана етіп алған. Бір отбасынан басталатын қоғамдық трагедияның өрбуі Шапық зйелінің оғаш, мазаң мінезіне де байланысты. Мәні жоқ, артық сөздерден шаршап, онымен көп сөйлесуден бойын аулақ салатын Шапық — Ысмайылов өзінің бала тәрбиесінен сырт қалғанын кеш түсінеді. Актер не істерін білмеген Шапықтың аласүрып, өзегін өртеген өкінішін дауыс екпіні арқылы ашып, момын жанның ашу шақыруының өзіндік бір қырын ашқан. Және бүрынғы әйелінен қалған қызына деген кейінгі шешенің көрсеткен қысымына амалсыз төзген Шапықтың іштен тынған психология-сы актердің бет-жүзінде, дауыс иірімінде айқын байқалады.
А.Ысмайылов азамат соғысының қиын күндерін суреттейтін М.Хасеновтың «Қайсар» деп аталатын хроникалық пьесасындағы Мейірхановты автор идеясына сәйкес қайсар, батыл етіп бейнелейді. Кейіпкерінің пікірлес, идеялас серіктері Великанов пен Анохиндермен бірге мәжіліс қүрып, жауды жеңу мәселесін ойласқанда актер қызуқандылық мінез танытса, Ш.Құсайыновтың жаңа өмірдегі жаңа адам бейнесін суреттейтін «Күн шуақта» пьесасында сөзге сараң болғанмен өз ісіне мығым парторгтың жүмсақ мінезін байқай алған. Қоғамдық қызметке берілген, партияға адал, сөзден гөрі істің адамы болғандықтан парторг — Ысмайылов ұжымды сендіре алады. Бастығы емес, керісінше ағасындай көретін Байсалды сыйлауы — кейіпкердің парасаттылығын байқататын мінез. Жалпы колхоз ұйымдастыру, үй салу, егін егу тәрізді ауылшаруашылық жүмыстарында парторгтың адамгершілігін, әділдігін көрсету актердің басты нысанасы болған.
Сондай-ақ, Иса Байзақовтың «Ақбөпе» поәмасы негізінде сахналанған қойылымда Әмірханның Ақбөпеге деген ғашықтық сезімі, ән айтудағы әсем даусы, жесір дауын қуған Кәрібай бидің жігітте-рімен шайқасуы және Тайшықтың оны ату көріністерінде актер әмоциясы айқын беріледі. Ғашықтықтан өрбитін кек, ішкі толқыныс пен бүлқынысты беруде түрлі штрих-жесттер таба білетін актер кейіпкер өмір сүрген феодалдық дәуірдің қатал дәстүріне қарғыс айтады. А.Ысмайылов әсіресе, Әмірханның ғашықтық сипатына, жастық албырттығына мән берген. Негізінен бүл шығарманың сюжеті Шу өзені бойында Ақбөпе деген арудың сүйгені Сауыт-бекке қосыла алмай, қалың мал берген байдың тоқалы болып кету тарихынан алынған. Сол феодалдық қыспақ кезеңдегі оқиға мен түлғаларды көркемдікпен жеткізуде актердің тарихты тереңнен зерттегені байқалады.