Әлемдік экономикадағы сақтандыру қызметі слайд,презентация

0

Әлемдік экономикадағы сақтандыру қызметі слайд,презентация

 

Әлемдік экономика

 

Адам өміріндегі соңғы он жылда болған табиғи апаттардан болған залалды ғалымдар шамамен 535 млрд.долл.деп бағалар отыр. Ежелден бері адамзат баласы басынан өткен неше түрлі қайғылы оқиғалардан болатын материялдық шығындардың орнын оңай жабу және оған әсер ететін факторлады табу жолдарын іздеді. Ал қазіргі кезде экономиканың интеграциялануыен байланысты сақтандыру саласында да осы процесс жүріп жатыр.
«Сақтандыру» сөзінің кең ауқымда түсіндірілуі сақтандырылуға қойылған затты қауіп қатерден сақтау деген мағынаны береді. Сақтандырудың өзі ерте заманнан бастап қалыптаса бастады. Адамдардың байлығы және материалдық игіліктердің өсуі, жеке меншіктің пайда болуымен қатар сақтандыруға деген сұранысы да өсті. Себебі, адамдар өзінің меншігіндегі заттарды қорғау керек еді.
Қазіргі  әлемде капиталды орталықтандыру және концентрациялау процесi сақтандыру iсiнде де жүрiп жатыр. Экономиканың басқа саласында iс жүргiзетiн, iрi корпорациялармен байланысы бар күштi сақтандыру  монополиялары құрылуда. Олар әлемдiк сақтандыру нарығына бақылау жасап, ондағы сақтандыру сыйлықтарын басқарады. Әсiресе дамыған елдерде осындай акционерлiк сақтандыру қоғамдарың саны көп. Акционерлiк сақтандырудың үлесi сақтандыру операцияларында әртүрлi:әсiресе Ұлыбритания, Германия, Франция да көп, ал АҚШ-та аз, себебi онда iрi акционерлiк сақтандыру компаниялары өзара сақтандыру қоғамы болып қайта құрылған.
Сақтандыру нарығында позицияларды жақындастыру, алғашқы кезекте, мүлiктiк сақтандыруда iрi қауiптi жабуға жұмсалады. Шет елдiк клиенттермен сақтандыру келiсiм шартына отыру жағдайлары жақсаруда.
Бiрақ сақтандыру нарығын дамытуға жеке кедергiлер де кездеседi. Европалық Экономикалық Қоғамдастық құрылғанға дейiн ақпаратпен алмасу және Европалық Экономикалық Қоғамдастықты ұйымдастыруда қатысушы елдердi таныстыру және дамытуда Европалық Сақтандыру Комитетi құрылды. Алғашында Европалық Сақтандыру Комитетiне 18 елдiң сақтандыру компанияның ұлттық ассоциациясы, сонымен бiрге бақылаушы ретiнде Югославия сақтандыру қоғам ассоциациясы кiрдi. Осы уақыттан бастап үлкен өзгерiстер болды. Бiрiншi жоспарға Европалық қоғамдастық елдер қызметi шығарылды. Европалық Сақтандыру Комитетiне 11жаңа елдер ендi. 1993 жылы – Исландия, Кипр және Мальта, кейiн Польша, Венгрия, Чехия және Словакия ассоциациялық мүше ретiнде ендi, ал 1996 жылдан — Словения, Эстония, Литва және Латвия ендi. Қазіргі  таңда Европалық Сақтандыру Комитетiнiң 29 мүшесi бар.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!