Қазақша реферат: Дүниенің болмысы, оның мәні және материя туралы қазақша реферат

0

Негізгі мақсаты: Философияның бірінші ұғымы болмыстың философиялық мәнін талдау, дүниенің көптүрлілігі мен бірлігін айқындау, материяның өмір сүру негізін түсіндіру.

Негізгі түсініктер: биболмыс, дуализм, монизм, философиялық плюрализм, онотология,  мән,қозғалыс, материя атрибуты.

  1. Болмыс тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым.
  2. Болмыстың негізгі түрлері: заттар, процестер болмысы, адам болмысы, рухани, әлеуметтік болмыс.
  3. Материя түсінігінің тарихи қалыптасуы.
  4. Материя және оның негізгі формалары.

Әлемнің сыр – сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігін — “болмыс” деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады. Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар мен ойшылдарды бұл ұғымды философиялық ой – толғаныстардың түп қызығы, бастапқы негізі деп қараған.

Болмыс философиядағы негізгі түсінік болмыс туралы ілім, антология философия күні бүгінге дейін әртүрлі көз қарастар дискуциялар болып түрады себебі болмыс проблемасы күнделікті уақытта адам адамзатқа күрделі сұрақтар қояды.

Адамдар белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада өмірге келеді, тіршілік — әрекетке араласады. Олар қоршаған ортаның, тұтас дүниенің бар екендігіне еш шүбә келтірмейді, бір қарағануа бұл өзінен — өзі түсінікті сияқты көрінеді. Сонымен бірге адамдар табиғат пен қоғамда үнемі өзгерістер болып, оның толысып жататына қарамастан, дүние біршама тұрақты нәрсе ретінде сақталатынын да анық аңғарады.

Болмыс ұғымы – философияның ең ежелгі әрі маңызды категорияларының  бірі. Ол жалпылай  алғанда “бар болу”‚ “өмір сүру”проблемасын қамтиды. “Болмыс түсінігінің арғы түбінде “болу”, “бар болу” деген мағынаның қаның аңғару қиын емес. Бүл түсінік адамның айнала қоршаған ортаны біртұтас әлем есебінде танып білуге ұмтылуынан туындаған.

Осы заманғы философиялық әдебиеттен  болмыс сөзінің екі түрлі мағынасын аңғаруға болады. Тар мағынада болмыс – адамның санасынан тәуелсіз, тысқары өмір сұретін объективті, материалдық дүниені білдіреді.                    Философия тарихинда болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б.э. дейінгі V – VII ғ.ғ.) еді. Оның пікірі бойынша, болмыс дегеніміз – бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыздық. Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең бастысы бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.

Тұтас дүние өзіндік ерекшеліктерімен дараланатын, бірақ өзара байланысты болатын сансыз көп түрлі заттардың, құбылыстар мен процестердің, құрылымдар мен жүйелердің, тіршілік иелерінің, адамдардың жалпы бірлігін, өмір сүруін қамтиды.

Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін – түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.

Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір – бірінен айырма тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болоды:

1)    Табиғат болмысы немесе заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғат заттары мен процестері және адамдар жасаған заттар, процестер болмысына бөлінеді;

2)    Адам болмысы, ол заттар  дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі;

3)    Рухани (идеалық) болмыс;

4)    әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестегі жекленген адам болмысына және қоғам болмысына бөлінеді.

Әлеуеттік өмірге қатысты болмыс түрі кейінгі арнаулы тарауларда тереңірек қараастырыланындықтан, біз болмыстын алғашқы үш түріне тоқталайық.

Болмыстың жоғарыда қарастырылған негізгі өмір сүру, көрініс табу түрлерінің әрқайсысының өзіне тән заңдылықтары бар – олар физика, биология, антропология, социология, т.б. сияқты сан алуан ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондай – ақ, олар белсенді түрде өзара қарым – қатынасқа түсіп, тұтас байланыс құрайды, бір – біріне өтіп отырады. Ең бастысы, дүние болмысы тұтас, тұрақты, үйлесімді, сөйте түра, үнемі қозғалыста, өзгермелі, құбылмалы. Оның ашылмаған құпиясы, атқарылмаған сыры әлі де көп. Адам оны игеру жолында, игілікке пайдалану ниетінде іздене бермек.

Материя ұғымы – дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән – мағынасы болып табылатын негізгі ұғым.  Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан.

Дүниенің бірлігін, оның негізінде бір ғана субстанция бар деп үғындыратын ілім монизм философиясына жатады. Субстанция туралы, дүниенің мәні жөнінде материалистік және діни – идеалистік көзқарастар тарихи тұрғыдан алғанда бір мезгілде дерлік пайда болған.

Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі.

Бірақ  бұл ілімдер материяны оның тұрақты түрлерімен, яғни затпен  пара – пар деп санады.

Қысқасы, материя туралы қалыптасқан мұндай біржақты, шектеулі көзқарас ғылымның танымның, қоғамдық практиканың, жалпы мәдениеттің, сондай – ақ, философиялық ой – жүйенің  даму деңгеймен байланысты еді.

Бұл анықтамада материяның негізгі екі белгісі айқын көрсетілді, біріншіден, материя адамның санасынан тыстәуелсіз өмір сүреді, екіншіден, ол адамның санасында бейнеленеді. Бірінші белгі материяның санаға қарағанда бірінші, бастапқы екендігін білдірсе, екінші – материалдық дүниені танып – білуге болатындығын көрсетеді. Сөйтіп, материаның бұл анықтамасы философияның негізгі мәселесін тұтасымен материалистік ағымның нақты пайдасына шешеді. Сонымен бірге бұл анықтамада материаның нақты түрлері мен қалыптары, белгілі бір қасиеттері көрсетілмейді. Мұның өзі диалектикалық ойлау әдісінің метафизикадан айырмашылығын көрсетеді. Материаның басты қасиеті – санадан тыс объективті нақтылық ретінде өмір сүруі.

Сөйтіп, материя, біріншіден, санаға дейін өмір сүреді; екіншіден, тысқары өмір сүреді; үшіншінден, бейнесі жасалатын құбылыс есебінде санадан тәуелсіз өмір сүреді; төртіншіден, құралы есебінде санадан тыс өмір сүреді.

Объективтік дүниеде үнемі қозғалыста болатын материядан басқа ештеңе де жоқ. Қозғалыс – материяның ажырамас, мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді.

Материаның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері, оның жүйе есебінде ұйымдасуының әр түрлі материлдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф. Энгельс болатын.

Кез келген материалдық обектінің өмір сұруі оны құрайтын элементтердің қарым – қатынасына байланысты. Философияда өзгерісті қозғалыс деген түсінікпен байланыстырамыз материя қозғалыс дегенді бұл тек механикалық деп түсінбеу керек бұл кез келген объектінің кеңістіктегі өзгеуі қарым қатынасына байланысты. Материя қозғалыссыз өмір сұре алмайды қозғалыз материяның басты атрибуты. Қозғалыстың негізгі  2 түрін ажыратамыз 1 заттың сапасын сақтау. 2 бір сападан келесі бір сапалық өзгеріске ауысу.

Материя қозғалысының 5 формасын ажырытамыз.

  1. Механикалық.
  2. Физикалық.
  3. Химиялық.
  4. Биологиялық.
  5. Әлеуметтік

Осы қозғалыс формаларын 3 блокқа біріктіреміз. 1 Физикалық, химиялық қозғалыс формаларын бұл өлі табиғатпен байланыста. 2 Биологиялық қозғалысы тірі табиғатпен байланысты. 3 Қозғалыстың әлеуметтік формасы бұл қоғаммен байланысты.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары: 

  1. Материя туралы түсінік.
  2. Материяның негізгі формалары.
  3. Болмыс және оның негізгі түрлері.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!