Табыл Құлыяс | өмірбаяны
Табыл Құлыяс -1935 жылы 15 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Қаракөл» кеңшарында туған. 1978 жылы ҚазМҰУ-ды бітірген. 1950 жылдан бастап республикалық «Пионер» журналы, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеттерінде мақала, өлеңдері шығып тұрды. 1957 жылдан Ойыл аудандық «Еңбек туы», «Жаршы» газеттерінде аймақтық, республикалық басылымдарда очерктері жариялана бастады. «Көкшетау правдасы», Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газеттерінде қызмет істеген. 1970 жылы республикалық телерадионың Торғай, Ақмола облыстарындағы меншікті тілшісі, қазақ телевидениесінің насихат редакциясында редактор қызметін атқара жүріп, «Жебе» сатиралық журналын шығарды. Тұңғыш сатиралық кітабы «Кесілген бұрым» 1977 жылы жарық көрді. «Сауда сақал сипағанша», «Қоңыраулы күлкіграмма», «Жалмауыз», «Құйын», «Ақмылтық» (екі том), «Жегі» сатиралық кітаптары, «Шемен шер», «Дүние дәурен», «Ізет» сияқты очерктері, Жиенғали Тілепбергенов туралы «Аңыз ізімен» романы шықты . ЛКЖО-ның Құрмет грамотасымен, «Тың игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Б.Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың лауреаты, Ойыл ауданының Құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.