Жасушалық цикл слайд,презентация
Жасушалық цикл слайд,презентация
Жасуша тіршілігін бірнеше фазалы цикл түрінде сызба-нұсқада көрсетуге болады.
Жасушалық цикл – аналық жасушаның бөліну арқылы түзілген жаңа жасушаның өзіндік бөлінуге дейінгі кезеңді жасушалық цикл деп атаймыз. Жасуша тіршілігінің негізгі кезеңдері:
Өсу фазасы,
Бөлінуге дайындық фазасы
Бөліну фазасы
G1, S, G2 — фазалар бірге интерфаза деп аталады (яғни, жасуша бөлінуінің аралық фазалары).
Бұл фазадағы бірқатар жасушалар G0 фазасына өтеді, бұл жасушалар қызмет атқарып, содан кейін бөлінусіз жойылады (мысалы, эритроциттер).
Жасуша тіршілігі және жасуша циклінің бір фазадан екінші фазаға өтуі циклинді ақуыздар концентрациясының өзгеруімен реттеледі.
Бөлінуге дайындалу кезінде ДНҚ репликациясы жүреді, әрбір хромосомада оның копиясы синтезделінеді. Бұл хромосомалар екіеселенгеннен кейін әрбір жұптағы хромосома хроматид деп аталады.
Репликациядан кейін ДНҚ конденсирленеді, хромосомалар компакталып жинақталады, оларды мироскоппен көруге бөлады.
G1- фазасы жылдам синтезбен сипатталады: митохондрия, Гольджи комплексі, ЭПТ, ядрошық, рибосомалардың түзілуі. Сонымен қатар клеткада құрылымдық және функциональды ақуыздар түзіліп клетканың өсуі жүреді.
S фазада -ДНК репликациясы немесе екіеселену процестері өтеді. Гистонды ақуыздардың синтезі жүреді. Әрбір хромосомалар екі хроматидке бөлініп өзара центромера немесе кинетохормен байланысады.
G2 фазада биосинтез процесі жүреді және АТФ немесе макроэргтар түрінде энергия сақталады, митохондрия бөлінеді. Бөліну ұршығы түзіліп, центриольдер репликациясы жүреді. Клетканың М фазаға өтуі М қолдаушы факторлармен бақыланады.
Интерфаза біткеннен кейін кариокинез немесе митоз басталады.