Мұқағали Мақатаев Аққулар ұйықтағанда поэмасы слайд,презентация — Әдебиет

0

 Мұқағали Мақатаев Аққулар ұйықтағанда поэмасы слайд,презентация

 

 

 

Сабақтың мақсаты: Ақынның өміріне шолу жасау, сөзімен өлең өрген   жыр пырағы — Мұқағали   туралы дерек, поэмасының тақырыбы  мен идеясы, қушылардың  поэзия туралы түсініктерін,сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.
А)Білімділік:Ақынның поэзиясының өміршеңдігін            таныту,көркемдік тілін ашу.
Ә)Дамытушылық:Оқушының сөйлеу тілін дамыту,өз ойын еркін,жаттық жеткізе білуге,мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
Б)Танымдық:Өз бетімен іздене білуге,ой қорытуға үйрету.
В)Тәрбиелік мәні: Туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге,қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,кітаптар,бүктеме қағаз.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдісі: талдау,пікір сайыс,сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Музыка,тарих,биология.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. 
I.Үй тапсырмасының шарты: «Менің Мұқағалиім»
«Ақынның өзіңе ұнаған өлеңін жатқа айту және сенің Мұқағалиің екенін дәлелде».

Сұрақ: «Сенің Мұқағалиің қандай?»

«Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар,онда мен не жазсам,соның бәрін түгел оқып шығуды  ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем.Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес.Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті.Басы және аяғы бар.Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай…»                                                              
                                                                                                     
                                                                      

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!