Мұхтар Әуезовтің Абай жолы роман слайд,презентация — Әдебиет
Мұхтар Әуезовтің Абай жолы роман слайд,презентация
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің “ Абай жолы”роман –эпопеясындағы кейіпкерлер келбеті
Білімділік мақсаты: Эпопеяның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкер бейнелерін сомдау. Жазушының идеялық –эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу.
Дамытушылық мақсаты: Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.Шебер де шешен ,өткір сөйлей білуге машықтандыру.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, мейірімділікке ,білімге ұмтылуға ,талаптылыққа тәрбиелеу
IV. Атаның ұраны емес, аталының қорлығы қосқандар
( Эпопеядағы халық өкілдерінің образы ) (Ƞ
Сабақтың барысы :
Жаңа сабақ
Әр елде,әр кезде халық-анадан халық ұлы болар ұрпақ туады, ол сол халық-анасының есімін, өзінің үздік таланты, өнері не батырлығымен мәңгілікке танытып кетеді. Қазақ халқының сондай ұлдарының бірі — М. Әуезов. Бүгінгі таңда өзінің саф алтындай жарқыраған, інжу –маржандай жалтылдаған, сұлулық жағынан Микелонджеланың мүсіндеріне пара-пар, биіктігі жағынан Египет пирамидаларындай аспанмен таласқан, халық өмірін жырлауда гректің “Илиадасымен” тең түсетін “Абаймен”әлем халқын шарлауда.