Жыныс жүйесі слайд,презентация

0

Жыныс жүйесі слайд,презентация

 

Жыныс жүйесі

 

                               Жоспар
   -Эмбриологиға кіріспе
       -Эмбриогенездің даму сатылары
       -Прогенез                                          
       -Аталық жыныс жасушалары
        Аналық жыныс жасушалары
       -Пайдаланылған әдебиеттер

     
                           Кіріспе
     Эмбриология (грекше embryon -ұрық, logos — ілім) ұрықтың  даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Яғни ұрықтану кезеңінен бастап туу мерзіміне дейін, ал жұмыртқадағы ұрықтың дамып,жарып шығуына дейінгі мезгілді зерттейтін ғылым. 
       Ұрықтың дамуын -эмбриогенез дейді. Ол онтогенездің алғашқы кезеңі. Жеке эмбриологияның негізігі бөлігінің бірі-адам эмбриологиясы.
       Медициналық эмбриология адам ұрығының даму заңдылығын зерттесе, гистологиялық эмбриология бөлімінде тіндердің дамуы мен шығу тегіне, ана- плацента- ұрық жүйесінің метоболистік және функциональдық ерекшеліктеріне баса назар аударған.
    
 І- ұрықтанудың нәтижесінде зиготаның пайда болуы
ІІ- пайда болған зиготаның бөлшектенуі, соның нәтижесінде бластоцистаның пайда болуы.
ІІІ- гаструляция ұрық жапырақшаларының түзіліп, одан ұрықтың біліктік мүшелерінің дамуы.
ІV- гистогенез бен органогенез немесе ұрықтың тіндері мен мүшелерінің дамуы бұлармен қоса ұрықты қоршаған, ұрықтан тыс мүшелердің қалыптасуы
 V- жүйелердің дамуы -cистемогенез
Адам ұрығының эмбриогнезі мен прогенезі тығыз байланысты. Прогенез -жыныстық жасушалардың дамуы мен пісіп жетілуі постэмбриональдық кезеңде де жүреді. Сондықтан эмбриогенездік даму эмбриональдық және постэмбриональдық болып жіктеледі. Прогенез- аналық жыныс пен аталық жыныс жасушаларының дамуы мен пісіп жетілуі болып табылады. Осының нәтижесінде құрамында гаплоидты хромосомалар жиынтығы бар ұрықтануға қабілетті, жыныстық жасушалар пайда болады. 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!