Ертегілер еліне саяхат балабақшадағы ертеңгіліктер
Ақтөбе қаласы. № 21 «Кәусар бұлақ» МДГ
Тәрбиеші : Қалыбаева Б. Қ
Тақырыбы : « Ертегілер еліне саяхат.»
Мақсаты : Балаларға математикалық ұғымдарды меңгертіп, тура және кері санауға, сан құрамын тани білуге, және балаларға ертегілер арқылы ой-қиялдарын шыңдау. Көгілдір экран арқылы балаларға қисынды есептерді шығарып логикалық ойлау қабілеттерін дамту.
Қажетті құралдар: Шана,сандар,геометриялық пішіндер. Барысы : Шаттық шеңбері
Армысың асыл күн ! Армысың асыл жыл , Армысың көк аспан ! Армысың жан досым. Жылуыма жылу қос , Болайықшы жақсы дос .
Балаларға жұмбақ жасыру
Шанамен зырғып желдетіп , Шаңғы,коньки тебетін . Аққала жасап ойнайтын , қай мезгілдеп ойлайсың?
(ҚЫС)
Т-ш:б-р қыс мезгілінде неше ай бар? Б-р: жауабы Т-ш: Балалар қыс мезгілінің соңғы айында қысқы орманға саяхатқа шықыларың келе ме? Б-р : жауабы :ия Т-ш:Ендеше балалар қысқы орманға саяхатқа қандай көлікпен шыққыларың келеді? Б-р :жауабы:
Тәрбиеші: Ендеше ат шанамен қысқы орманға саяхатқа барайық. Музыка ойналып ат шанаға міну.
Тәрбиеші: орманда қандай аңдар болады? Б-р: жауабы: Тәрбиеші: Б-р біздің білімімізді тексеру үшін аңдардың тапсырмалары бар екен.Соларды орындауымыз керек.
Шанадан түсіп орманды аралау. Б-р мынау қандай аң, қараңдаршы.
Б-р: жауабы
Аюдың тапсырмасы қандай екен ендеше орындайық.
Аюдың тапсырмасы:
«Сандарды тура,кері санау. « Б-р қоян бізге қандай тапсырма дайындап қойды екен.Кәне қарайық.
Қоянның тапсырмасы:» Сан құрамын анықтау» Санамақ айта білеміз бе?
Тәрбиеші:Б-р қасқыр қандай аң?
Қасқырдың қандай тапсырмасы бар екен?
Қасқыр тапсырмасы: « Көршісін тап» Нүктелерді қосу арқылы бейнелер құрастыру.
Тәрбиеші: Б-р мен сендерге жұмбақ жасырайын
Өзі айлакер,өзі қу
Жүрген жері айқай-шу
Бұл қандай аң?
(Түлкі)
Түлкінің қандай тапсырмасы бар екен?
Түлкінің тапсырмасы: «Логикалық есептер шығару»
Айырмашылықтарын табу
Сергіту сәті
Біз орманға барамыз , онда аюды көреміз. Желкемізде қолымыз теңселе басып келеміз . Алдымыздан талдардан , Жылтыңдайды қу түлкі. Біз түлкіні алдаймыз теңселе басып қалмаймыз. Қояндыда көреміз Қоянға ұқсап жүреміз , Қолымызды алға ұстап . Секіре басып келеміз . Б-р енді жолбарыстың тапсырмасын орындайық:
Жолбарыстың тапсырмасы: «Өз үйіңді тап»
Геометриялық пішіндерден бейнелер құрау. Орманшы ата балалармен кездесіп.Сыйлық тапсыру.
Орманшы атамен қоштасып ат шанаға мініп ән орындап. балалақшаға келу.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!