Ресейдің Грекиядағы елшілігінде граната жарылды
Белгісіз біреулер Ресейдің Грекиядағы елшілігіне 22 наурызға қараған түні граната лақтырды. Жарылыстан ешкім зардап шекпеді.. «Нафтемпорики» басылымының жазуынша оқиғаны грек полициясының антитеррористік қызметі тексеріп жатыр.
Ақпаратқа қарағанда жарылыс жұма күні жергілікті уақытпен таңғы сағат төртте болған. Мотоциклге мінген екі адам күзетші отыратын дүңгіршекке граната лақтырып, қашып кеткен. Арада біраз уақыт өткеннен кейін полиция өртеніп кеткен мотоцикл тапқан, тергеу болжамы бойынша бұл қылмыскерлер пайдаланған көлік болуы мүмкін.
Ресей елшілігінің пресс-атташесы Василий Гавриловтың ТАСС-қа хабарлауынша, граната полиция дүңгіршегіне түскен. «Нафтемпорики» басылымы елшілікті жеке компания күзететінін жазады. Дереккөздер бұл жайттың 2016 жылы Афиныдағы Франция елшілігіне жағдайға ұқсас екенін айтады. Ол кезде де елшілік ғимаратына белгісіз біреулер жарылғыш зат лақтырып, бір полицей жараланған, бірақ істің аяқталғаны жайлы ақпарат болмады.