Назарбаев «Жалғыз және мәңгілік Елбасы», «Халықтың атасы» болады
Жаңа президенттің алғашқы шешімі – Нұрсұлтан Назарбаевты марапаттау болды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент лауазымындағы бірінші шешімі – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «Алтын жұлдыз» айрықша белгісімен марапаттап, оған «Халык Каһарманы» атағын ұсыну болды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
– Елбасының қалған бүкіл ғұмыры «Тұңғыш президент туралы», «Ұлт Көшбасшысы туралы» және өзге де заң актілерімен қамтамасыз етіледі, барша қызметтік инфрақұрылым Елбасының иелігінде сақтала береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, жаңа президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстандағы жалғыз және өмір-бақилық Елбасы және Халықтың атасы болып қала беретінін айтты.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!