Атырауда ерлікпен көз жұмған полицейді соңғы сапарға шығарып салды (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырауда әйел адамды құтқарамын деп ажал құшқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Stan.kz.

Атырауда ерлікпен көз жұмған полицейді соңғы сапарға шығарып салды (видео)

Қала тұрғындары мен шенділер Шалқар Ақымғалиевпен қоштасуға келді. Олар полицей суға секірген жерге гүл шоқтарын әкеліп қойды. 

Айта кетейік, 21 наурыз күні түнгі сағат 10 шамасында Шалқар Ақымғалиев келіп түскен қоңырау бойынша орталық көпірге аттанды. Ол суицид жасамақ болған әйелді құтқару үшін суға секірді. Әйел жағаға шығарылғанымен, сержанттың өзі суға кетіп, көз жұмды. 

25 жастағы Шалқар Ақымғалиев отбасының жалғыз асыраушысы болған. Үйленбеген, бойдақ. Бұған дейін Ішкі істер министрінің Шалқардың анасына көңіл айтқан хатын жариялаған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

stan.kz