Ақтауда Тұңғыш президент даңғылы Назарбаев даңғылы болып өзгерді — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтауда Тұңғыш президент даңғылы «Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына» ауыстырылды. Мұндай шешім облыстық мәслихаттың отырысы кезінде қабылданды. 

Ақтауда Тұңғыш президент даңғылы Назарбаев даңғылы болып өзгердіФото Рашид Исмагилов

Бұл туралы аймақтық «Лада» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Орталық жол 1-ші ықшам аудандағы Ақбота саябағынан 17-ші ықшам аудандағы «Грин Парк» тұрғын үй кешеніне дейін жалғасады. 

«Елбасыға — еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның дамуы мен тәуелсіздіктің құрылуына қосқан үлесіне алғыс білдіру үшін сөз жетпейді. Сондықтан да парламент палаталарының отырысында қабылданған шешім — бірінші кезекте барлық Қазақстан халқының ерік қалауынан шыққан. Оның ішінде елордаға Нұр-Сұлтан атауын беру, қалалардың орталық көшелеріне тұңғыш президенттің есімін беру сондай-ақ, елбасыға монумент қою бар. Біз, облыстық мәслихат депутаттары бұл шешімді қолдаймыз», — деді облыстық мәслихат депутаты Табылды Әміров. 

Әкім Ералы Тоғжанов облыстық мәслихат депутаттары атынан тұңғыш президент даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына ауыстыру туралы шешімді қолдағаны үшін маңғыстаулықтарға алғысын жеткізді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz