Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті слайд,презентация
Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті слайд,презентация
Адамдармен қарым – қатынас жасауда, оны қалай атау керектігі, жалпы әр халықтың өзінің ұстанған әдеп нормалары бар. Ең бір ұлттық нақышы айқын танылатын әдеп орамдары әр халықтың қаратпа сөздерді қалай қолдануынан көрінеді
Қаратпа сөздер қатарына адамның аты (Сәбит, Аманжол, Сәкен), туыстық қатынасты білдіретін атаулар (жезде, әпке, нағашы), әлеуметтік мәртебені білдіретін атаулар (жастар, студенттер, көрермендер), қызмет атаулары (Президент, директор, хатшы), көпшілік қауымға арналған (халайық, жұртым, әріптестер, ханымдар мен мырзалар) жатады. Қазақ жасы кішілерге балам, шырағым, қарағым, айналайын, қалқам, бауырым, қарындас деп сөйлесе, жасы үлкендерге ағай, апай, ата, әже, жеңгей, тәте, аға деп тілдеседі.
Ресми қарым – қатынаста жасы үлкендерге я жасы кіші болғанмен, лауазымы үлкен болса, оған құрметін білдірудің белгісі ретінде Ореке, Бәке, Сәке, Әбеке сөздері, Асқар мырза, Перизат ханым, Әйгерім сіңлім секілді сөздерді пайдалануға болады. Ал тым ресми не-месе бейтаныс жағдайларда бүгінгі заман ағымына қарай Айдар Тұрарбекұлы, Қайрат Серікұлы, Сәуле Базарқызы секілді күрделі атаулар пайдаланылып жүр.