«Геннадий әлі сенбейді». Головкиннің промоутері ескі әңгімені қайта қозғады

0
Спорт

Қысқа сілтеме алу

64 0 0

2018 жылдың 17 және 20 ақпанында алынған «Канелоның » екі допинг сынамасынан кленбутерол табылып, Головкинмен қарымта жекпе-жегі кейінге қалдырылған болатын

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Сауль Альвареске қатысты допинг дауын тағы еске алды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Геннадий «Канело» көп ет жеп қойды дегенге әлі сенбейді. «Канело» екі рет допинг сынағынан өте алмады, бірақ болар іс болды – біз жекпе-жектің нәтижесін даулай алмаймыз. Оның үстіне, дисквалификация мерзімін өтеп, рингке оралды, жекпе-жекте жақсы жұдырықтасты. Геннадий допингке қатысты талай рет халық алдында пікірін білдірген болатын, себебі бокс – өте қауіпті спорт түрі. Ол бұған үлкен жауапкершілікпен қарайды, сол себепті ойын ашық білдіреді», — деді Леффлер.

Естеріңізге сала кетсек, Альварестің допинг сынамасынан кленбутерол табылып, ақпан-тамыз айларында дисквалифицияланған болатын.

«Канело» допингті әдейі қолданбаған

15 қыркүйекте Головкинге қарсы қарымта жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.