Кеңес дәуіріндегі ЭЕМ тарихы слайд,презентация
Кеңес дәуіріндегі ЭЕМ тарихы слайд,презентация
Кеңес Одағында алғашқы электрондық есептеуіш машинасы Киевте Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен
1950 жылы жасалды
Көптеген ғалымдар компьютерді адамға ыңғайлы ондық санау жүйесінде жасап шығаруға тырысты. Басқа да тәсілдер қолданылды. Мысалы, кеңестік машиналардың бірі үштік жүйе негізінде жұмыс жасады, кей жағдайларда үштік жүйенің екілік жүйеден артықшылықтары бар еді (үштік Сетунь компьютерінің жобасын кеңес ғалымы Н.П.Брусенцов жасап шығарды)
1981 жылдан бастап облыстық статистика басқармасында деректерді өңдеу анағұрлым қуатты және уақыт талабына сай ЭЕМ-да жүзеге асырыла бастады, мұндағы ақпарат иесінің қызметін перфотаспалар мен перфокарталар атқарды, 80-ші жылдардың соңына статистикалық ақпараттарды өңдеу үдерісін айтарлықтай жылдамдата түсуге мүмкіндік беретін дербес ЭЕМ-дер пайдаланыла бастады
1987ж. — облыстық статистика басқармасы мен есептеу орталығының базасында Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы құрылды. 80-ші жылдардың соңына дербес ЭЕМ келіп түсті, олар статистикалық ақпараттарды өңдеу үрдісін анағұрлым жеңілдетті. 1990ж. — Шығыс Қазақстан облыстық статистика және талдау басқармасы болып өзгерді. 1997ж. — Шығыс Қазақстан облыстық статистикалық басқармасына өзгертілді.
Шет елде 70-жылдары ЭЕМ-ді тілді оқыту үшін ендіру мәселесі Батыс Еуропаны, Жапонияны және Латын Америкасы елдерінің қызығушылығын тудырды. Ресей және ТМД елдерінде есептеу техникасын ана тілді және шет тіліді оқыту үшін қолдану өткен ғасырдың 70-80-жылдары қолға алынды. К.Р. Пиотровская жазып кеткендей, алғашқы жылдары оқытудың қағаздағы құралдарының электронды бейнесі ғана беріліп келді, компьютерді қолдану оқытушының имитациясына бейімделген еді.