Қаңғыбасқа қам жасаймын дегендердің өтірігі шығып қалды

0

Алаяқтық әшкересі: Қаңғыбасқа қам жасаймын дегендердің өтірігі шығып қалды

Осыдан шамамен екі жыл уақыт бұрын бұл оқиға бүкіл әлемге аян болған-ды. Ен далада жалғыз қалған әйел адамға қаңғыбас келіп, қолындағы бар ақшасын берген. 

Артынша әйел адам бұл оқиғаны әлеуметтік желілерге салып, 14000 американдық азамат жүрегі «мейірімге» толы қаңғыбасқа 367 мың АҚШ долларын жинап берген.

Алайда Кейт Макклюр мен Марк Д’Амико есімді ерлі зайыптылар көрсетілген қаржының 75 мыңын ғана үйсіз адамға беріп, қалғанына өздерінің жағдайын жасаған екен. 

Араға сонша уақыт салып, еріккен екеудің алаяқтық әрекеті әшкере болған. Олар үйсізбен басқа жағдайда танысқан. Оқиға тұтас ойдан құрастырылған болып шыққан.  Енді олар тұтқынға алынып отыр. Алаяқтық ісі бойынша олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Дереккөзі: Life.ru