Қош келдің – әз Наурыз! — Сценарий
Қош келдің – әз Наурыз!
Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы
Тәрбиеші С. Қазбекова
Наурыз күніне арналған мерекелік концерт
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзілік халықтардың Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру.
Халқымыздың салт–дәстүрін, әдет–ғұрыпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Фанфар
1-жүргізуші: Уа, халайық, халайық! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз мейрамына шақырамыз! Келіңіздер, тамашаны көріңіздер!
2-жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Наурыз тойы басталды.
Береке де осында.
Мереке де осында. – дей отыра сахына торіне балалардың анасы, ұжымның басшысы, Айжан Дүкенбайқызын мерекелік кешті ашуға ортаға шақырамыз.
Би: «Шашу»
2-жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні «көлденеңнен шөпке жан бітіп » қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір көрініп, қайтадан ініне кіріп кетіп, жер беті әбден жылығанда шығады дейді. Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы көзге көріне бермейтін терең мәнді тағылымды үйлесімділік жатыр.Тілімізде осы күнге қатысты – «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы торғай (науірзек келген күн», «Көк құт ( өсімдік ) көзін ашқан күн», Самарханның көк тас еріген күн Ұлыстың ұлы күні қазақ халқы бір-бірімен амандық- саулық сұрасып төс қағыстырған күн. Ендеше ортаға ауылдарды шақырамыз.
Төле би
Қазбек би
Әйтеке би
Абай аулы
Жамбыл ауылдарын шақырайық.
(Шашу щащылады)
ӘН: Овчинеков
1-жүргізуші: «Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен. Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қызыр Ата келе жатыр дейді.
«Қызыр Ата» келеді. (Алтынбек ағай келеді)
Қызыр ата: Уа, ағайын! Бүгінгі күні мен түн, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін!
Жер – Ананы мекен еткен барша мұсылмандардың қасиетті — әз Наурыз әр отбасына береке әкелсін. Жыл 12 ай, 365 күн асыға, аңсай күткен, жер жүзі мейірге, жылылыққа шомылған, қыз–бозбала құлпырған киелі Наурыз сендерді шпаттыққа бөлесін!
(Осы кезде Тазша бала мен Алдаркөсе ортаға шығады).
Тазша бала: Ассаламағалейкум, Қызыр ата!
Қызыр ата: Уағалейкумассалам, Алдар көсе, Тазша балам, екеулеріңнің бастарың қосылып қалыптығой, жақсылыққа болғай.
Тазша бала: Қызыр ата, біз жай қыдырып жүрген жоқпыз, Осы Тараз қаласында балаларды қолдау орталығы ашылыпты. Бұл орталықтың балалары да ұстаздары да өте өнерлі екен , ұлттық дәстүрді, ән – жырды, ұлтық ойындарды еске түсіріп, тамашалауға келдік.
2-жүргізуші: Қызыр ата төрлетіңіз біздің орталықтың өнерін тамашалаңыз. Қадірменді қонақтар біздің орталыққа қош кенлдіңіздер. Қазақ халкының салт-дәстүрі бойынша мереке қонақтарымен ойын алаңына шақырамыз
Қол күресі; ерлер
Қол күрес; кыздар
(Бейсенова М,Садыкова М)
1-жүргізуші: Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өрістен.
Сақтай гөр деп істен,
Ақсақал бата беріскен.
БИ: Төлеби ауылынан келген мың бұралған бишілер
2-жүргізуші: Батаменен ел көгерер,
Жаңбырменен жер көгерер.
Білімді мыңды жығар
Білекті бірді жығар
Кезекті қазақша күреске сайысына берейік.
Қыз қүрес
(Әр топ өз өнерін көрсетеді).
ӘН; Әйтеке би
1-жүргізуші: Билейік, жыр жырлайық, ән салайық
Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді
Ортаға Наурыз қызды шақырайық.
(музика ырғағымен ортаға Наурыз қыз шығады би билеп биші қыздармен)
Наурыз Қыз:
Жер әлемді жайнатқан
Наурыз қызбын,
Ерітіп жіберейін өзін мұздың.
Жылуымнан сескеніп тентек боран,
Өзімен ала кетер қыстың сызын.
Жан-жануар ойнақтап асыр салды,
Елге бірлік-береке ала келдім
Қуанышпен қарсы алған жаңа таңды.
1-жүргізуші: Қош келдіңіз Наурыз қыз біздің орталыққа төрлетіңіз, Біздің өнерімізді тамашаланыз.
2-жүргізуші: Келесі сайысымыз салт – дәстүрге байланысты өнерлерін көрсету. Қазақ өнерінің бір туындысы болып саналатын мергендіктеріңізді сынап асық атып жарысайық. Туған жердей жер болмас. Асыр салып асық атпасақ.
1-жүргізуші: Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ,
Қалыс адам болмасын некен – саяқ.
Ән шырқап, би белейік қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Би: Қазбек би ән
Алдар көсе: Күн күлімдеп нұрын шашар, шуағын,
Құтты болсын Наурыз айы, қадамың.
Бүгін бізде салтанат, қызық ойын,
Халқым – ау құтты болсын жаңа жылың!
Тазша бала: Балалар, балалар
Енді маған қараңдар,
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық.
Арқан тарту
ән: Айтеке би
2-жүргізуші:
Жұтқанда қуанасың таза ауаны,
Құлаққа естілгендей жах әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,
Наурызың құтты болсын, қазақ елі!
1-жүргізуші:
Наурыз келсе барлығы жарасады.
Жарасады табиғат жасарады.
Алпыс төлдің анасы ақ жүрекпен
Аластатып пәледен босағаны. Алас!
Ән: Төле би ауылы
2-жүргізуші Сен қазақ халқының салт – дәстүрін білесің бе?
1-жүргізуші: Әрине білемін.
2-жүргізуші: Наурыз мейрамы туралы не білесің?
1-жүргізуші: Наурыз мейрамы – өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан мереке. Ол парсылардың «Наурыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Күн мен түн теңелген, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды екен.
2-жүргізуші: Наурыз мейрамы бір ай тойланады. Қазақтар бұл күндері бірін – бірі жаңа жылмен құттықтап, қонаққа шақырады. Әр үйде неше түрлі тамақ дайындалады, наурыз көже пісіріледі. Әулиеттегі үлкен кісі жаңа жылды жақсылыққа жорып бата береді.
1-жүргізуші: Дұрыс айтасың Салтанат ендеше ортаға Қызыр атаны шақырып бата сұрайық.
2-жүргізуші: Ата, бүгінгі думанға сонау алыстан ат арылтып келгеніңізге орай ала келген ақ батаңыз да бар болар. Мына отырған халықтарға ақ батаңызды беріңіз!
Қызыр ата: Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын.
Сөздерің серттей берік болсын
Өмірлерің көңілді болсын
Қазақ елі атауы баршамызға
Мәңгілік ел болуға бастау болсын.
Төрт түлік төлді болсын,
Теңгеміз құнды болсын.
Пейілдерің кең болсын,
Отбасына бақыт келсін,
Таудай талап берсін,
Бармақтай бақ берсін.
Ұлыс оң болсын!
Қайда жүрсеңде жол болсын!
1-жүргізуші: Қызыр атамныңақ батасына мың да бір алғыс!
2-жүргізуші: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік, қадіріңді білдік пе?
Құтты болсын, Ұлыс күні – халайық
Ән: ————
1-жүргізуші: Шапағатын аямай бұл жақта аспан
Жадырайды әр адам мұң шақпастан.
Оу, ағайын, келіңдер, бүгін бізде,
Наурыз көже, құрт–қатық, тары қосқан.
2-жүргізуші: Ұлыс оң болсын
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс береке берсін
Бәле – жала жерге енсін!
1-жүргізуші: Келген жаңа жылымыз
Наурыз қызымыз
Төрге шығыныз
Қамбар ата түлегі
Жылқы деген жануар.
Жалын төсеп кәріге
Қанат болар бәріне.
Жайлы болып жылымыз,
Өркендей берсін еліміз.
Ырысты боп жылымыз
Бақ дарысын жеріміз.
2-жүргізуші: Наурыз мерекесі әрқайсымызға көтеріңкі көңіл күй, қажымас қайрат, өшпес үмітпен шексіз махаббат әкелсін. Өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын.
1-жүргізуші: Бұл жыл баршамызға естеріңізде қаларлықтай қымбат естеліктерге толы болсын! Көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достық пен күлкі ұяласын! Ұлыс оң болсын.
2-жүргізуші: Ой қосылсын ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа.
Аман – есен жетейік
Келесі Наурыз тойына! – дей отыра ортаға
Ән: Сен, біз, бәрәмәз….
Атты әнімен Шабаровский. И мен Овчинекова. С шақырамыз
1-жүргізуші Естелікке суретке түсуге ортаға шақырамыз.