Мен жүйрікпін, айқасқа, сынға асықпын — Дене шынықтыру — Bilim
Мен жүйрікпін, айқасқа, сынға асықпын
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі
дене шынықтыру пәні мұғалімі
Байшылықов Данияр Рахимжанович
Тақырыбы: «Мен жүйрікпін, айқасқа, сынға асықпын»
Білімділік: «Денсаулық» ұғымының адамгершлік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Нәтижесінде: Студенттердің спортқа деген қызығушылығы артады,»Денсаулық» ұғымын тереңірек түсініп, салауатты өмір салтын ұстанады. Спортты өз бетімен игеріп, дене бітімі,сымбатты тұлға болып қалыптасады.
Көрнекі құрал-жабдықтар: Спорттық құралдар, газтұмылдырық, ысқырық, матрасс, кедергілер, уақыт өлшеуіш т.б құрал жабдықтар.
Спорттық сайыс барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар Бүгінгі «Мен жүйрікпін, айқасқа, сынға асықпын» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер
Уа халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың дені сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда
Сайысымызды бастамас бұрын сайысымызға әділ бағасын беретін әділ қазылармен таныс болайық
Бүгінгі спорттық сайыс 6 кезеңнен тұрады .
(Әрбір сайыс біткен соң 5, 10, 15, 20 ұпаймен бағаланып отырады)
1. Шеңбер арасымен жүгіру сайысы. (уақытқа )
2. Газтұмылдырық киіп жүгіру сайысы. (белгіленген кедергілермен жүгіру)
3. Гір тасын көтеріп залды айнала жүгіру сайысы. (уақытқа)
4. Арқаласпақ сайысы
5. Капитандар сайысы (жерге қолды тіреп денені көтеру санын есептеу)
6. Арқан тартыс сайысы.
Денсаулық-басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі
Марапаттау
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Мен жүйрікпін, айқасқа, сынға асықпын» спорттық сайысымыз осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Деніміз сау, еліміз тыныш болсын.
Бағалау парағы
№
|
Сайыс атауы
|
Қатысушы командалар
|
|||
|
|
|
|||
1
|
Шеңбер арасымен жүгіру сайысы. (уақытқа)
|
|
|
|
|
2
|
Газтұмылдырық киіп жүгіру сайысы. (белгіленген кедергілермен жүгіру)
|
|
|
|
|
3
|
Гір тасын көтеріп залды айнала жүгіру сайысы. (уақытқа)
|
|
|
|
|
4
|
Арқаласпақ сайысы
|
|
|
|
|
5
|
Капитандар сайысы (жерге қолды тіреп денені көтеру санын есептеу)
|
|
|
|
|
6
|
Арқан тартыс сайысы.
|
|
|
|
(Әрбір сайыс біткен соң 5, 10, 15, 20 ұпаймен бағаланып отырады).