Салтанат Смағұлова | өмірбаяны
Салтанат СМАҒҰЛОВА 1982 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
2005 жылы қазақ-түрік лицейінде өткізілген «Арулар поэзия патшалығында» атты облыстық мүшайраның бас жүлдегері.
2006 жылы Қарағанды қаласының білім бөлімі ұйымдастырған «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» атты мұғалімдер жыр мүшайрасының ІІ орын иегері.
2007 жылы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған Қасым Аманжолов атындағы облыстық «Боламын ақын Қасым әлі де мен» атты ақындар мүшайрасының бас жүлдегері.
2011 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай Астана қаласының әкімдігі мен Мәдениет басқармасы ұйымдастырған «Астана-Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» атты республикалық жыр мүшайрасының І орын иегері.
Бірнеше аймақтық, облыстық, республикалық басылымдарда және сайттар мен порталдарда өлеңдер топтамалары жарық көрді.
2013 жылы «Жанарымдағы жазулар» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көрді.
2013 жылы 1 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде КЭД Жастар орталығының ұйымдастыруымен шығармашылық кеші өтті.
Шығармашыл жастардың ХҮ Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.
Педагогика ғылымдарының магистрі. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде аға оқытушы болып қызмет атқарады.