16-18 (XVI-XVII)I ғғ. қазақ-жоңғар соғыстары слайд,презентация — Тарих

0

16-18 (XVI-XVII)I ғғ. қазақ-жоңғар соғыстары слайд,презентация

 

 

Салт дәстүр дегеніміз — халықтың жөн-жоралғылардың, ұстанымдардың жиынтығы. Салт-дәстүрлер халыктың өмір-тұрмысынан, шаруашылық-тіршілігінен, қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан,  дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді
Қазақтың шаруашылыққа, тұрмыс-тіршілікке байланысты әдет-ғұрыптары да бір төбе. Қазақ әдет-ғұрыптарын отбасылық және қауымдық-қоғамдық деп бөлуді шартты түрде ғана түсіну керек. Өйткені отбасылық ғұрыптар мен қауымдық- коғамдық салт-саналар өзара астасып, араласып жатады. Отбасылык ғұрыптар кейде қоғамдық сипат алады, ал бүкіл қауым аткаратын, Катысатың ғұрыптар әр отбасында көрініс табады. 
Шашу. Бұл қуанышқа арнап жиналған жұрттың алдында жасалатын ырым. Әдетте, шашуға кұрт, ірімшік, өрік, кейіннен қант, компит пайдаланылған. Шашуды жаңа түскен келінге, алғаш босаға атаған күйеуге, түсауы кесілген балаға, алғаш атқа мінген балаға,т.б. жақсылықтарға шашады. Шашудың  мәні -жақсылық, молшылық, кұт-береке тілеу.
Сүйінші-қуанышты хабарды, алдымен, бірінші болып жеткізген адамның алатын сый-қәдесі. Қуанышты хабар жеткізуші «Сүйінші, сүйінші!», — деп жұртка естірте хабар бере келіп, сүйіншісіне не беретінін де алдын ала сұрап алады. Хабардың маңызына, сүйінші берушінің қолының ашықтығына қарай сүйінші көлемі орқалай болады.
Көрімдік-қандай да болсын бір жаңа дүниені алғаш көрсеткенде көрімдікті ұйымдастырушының алатын сый-қәдееі. Мысалы, қазақ алғаш көрген келінге, күйеуге, нәрестеге, ботаға, жаңа киімге, әшекей затқа, жаңа отауға көрімдік береді. 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!