Маңғыстауда 8 шетелдік және 4 қазақстандық миссионер жұмыс жасап тұр

0

Маңғыстау облысы діни ахуал тұрақты. Бұл жөнінде бүгін облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының басшысы Есбергенов Ерлан Жұмажанұлы айтты.

Маңғыстау облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 33 филиалы, христиандық сенімде 1-православиялық, 1-римдік-католиктік, 8–протестанттық діни бірлестік, барлығы 43 діни бірлестік, 36 ғибадат үйі (мешіттер – 33, православ храмы – 1, протестанттық шіркеу – 1, «Рақым сөзі» Інжілдік Мәсіхші Баптистер қауымы 1 шіркеуі) бар.

Облыс аумағында миссионерлік қызметті 8 шетелдік және 4 қазақстандық миссионер жүзеге асырады: РКЦ -4 (Польша,Қазақстан), «Жаңа Өмір» ЕСМСҚ-2 (Ресей, Әзірбайжан), Жаңа апостолдық шіркеуі (Германия ФР-1, РФ-1, Қазақстан-3), ҚМДБ МОФ (Түркия-1).

Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен діни әдебиеттерді және діни мақсаттағы өзге ақпараттық материалдарды таратуға арнайы 11 тұрақты жай, оның  8-і Ақтау қаласында, 3-і Бейнеу ауданында орналасқан.

Христиандық бағыттағы діни бірлестіктер әр жексенбіде өздерінің діни іс-шараларын  өткізуде. Дін істері басқармасымен олардың өткізіп жатқан жиындарына, айтылған уағыздарына ұдайы мониторинг жүргізіліп отырады.

Өткен жылы облыста 8 ақпараттық түсіндіру тобы жұмыс істеп, 124 лекция, 248 кездесу, 14 семинар, әңгімелесу-56, дөңгелек үстел, барлығы 508 шара ұйымдастырылған, оған 41  226 адам қатысты.

Маңғыстау облысы Дін істері басқармасымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында теолог, психолог,  имамдар, ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында, «Caspian bridge» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен 14 семинар-тренинг өткізілді. Шараны  белгілі теологтар А.Сабдин, А.Акимханов, М.Садыров, психологтар К.Алина және Н.Фесенко, Б.Мырзаев, Б.Есмахан, А.Акимханов,  тарихшы- С.Гизатов, сарапшы-политолог Р.Ирджанов психолог-Х.Азамат  жүргізді.

Деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы бағытында әйел жамағатымен жүйелі түрде жұмыс жүргізу бір жолға қойылды. Бұл бағытта Орталықтың 4 әйел теолог жұмыс жасайды. Салафит әйелдермен түсіндіру және оңалту, профилактикалық шаралары жүргізіліп, дәстүлі исламға 4 әйел қайтарылды. Жыл бойы әйел жамағатымен әртүрлі 14 іс-шара ұйымдастырылып, оған 463 әйел қатысты..
Дін істері басқармасы теологтарымен діни экстермизм және терроризм бабымен жазасын өтеуші тұлғалармен де оңалту жұмыстары жүргізілуде. Түсіндіру жұмыстары нәтижесінде теріс бағытта дін ұстанушылардың ішінде 11 дәстүрлі бағытқа қайтарылды.

Брифинг барысында Маңғыстау облысының Ішкі істер департаментімен діни қызмет саласында 10 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталып, 6 іс қалалық және аудандық сотпен әкімшілік айыппұл салынса, 3-і қысқартылып, 1-і сотқа берілгендігі туралы Маңғыстау облысы бойынша полиция басқармасының экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкері Горбач Евгений Павлович айтып берді.