Алматыда есірткі шеккен күйінде көлік басқарған жүргізуші ұсталды — Қазақстан жаңалықтары
Алматының Қарасу ықшамауданында орналасқан стационарлы полиция бекетінде жол полициясы мас жүргізуші анықтады.
Құқық қорғау органдары «Лада» көлігінің жүргізушісінен күдіктеніп, ізіне түсті. Жүргізуші полицияның талабын орындамай,қашуға тырысты.
«Полиция қуып жүріп жүргізушіні ұстады. К. есімді жүргізушінің өзімен бірге жүргізуші куәлігі, сондай-ақ автокөлік иесі ретіндегі құжаттары жоқ еді. Сонымен қатар, куәгерлердің қатысуымен жеке іздеу барысында жүргізушіден жасыл түсті есірткілік өсімдік зат табылды. Ол сот-химиялық сараптамаға жіберіледі. Осы факті бойынша алдын ала тергеу Алатау аудандық полиция бөлімінде жүргізілуде.
Сонымен қатар, бөлімше қызметкерлері медициналық тексеруден өту үшін жүргізушімен бірге жүрді. Зерттеудің қорытындысы бойынша, оның есірткі қолданғаны анықталды. Бұл факті бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жіберілді», — деді Алматы қаласы ІІБ Алматы полиция басқармасының жол-патрульдік полиция полкінің командирі полковник Манап Саттаров.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz