Назарбаев – Орта Азиядағы өз еркімен биліктен кеткен бірінші президент
Қырғызстан тарихында да осындай жағдай болған, бірақ мемлекет басшысы емес, президент міндетін атқарушы отставкаға кеткен еді
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орта Азиядағы посткеңестік кеңістікте өз еркімен отставкаға кеткен алғашқы мемлекет басшысы, деп атап өтті ТМД институтының Орта Азия және Қазақстан бөлімінің меңгерушісі Андрей Грозин.
РИА Новости агенттігінің «Нұрсұлтан Назарбаев Орта Азиядағы қызметінен өз еркімен кеткен бірінші президент пе?» деген сұрағына Грозин «іс жүзінде солай» деп жауап берді.
Сарапшының айтуынша, Қырғызстанда да осындай оқиға болған, бірақ мемлекет басшысы емес, президент міндетін уақытша орындаушы – Роза Отынбаева 2011 жылы өз еркімен отставкаға кеткен еді.
«Бұл бірінші оқиға. Басқа жайттарда бұрынғы басшылық биліктен күшпен кеткен болатын, мәселен, сол Қырғызстанда әуелі 2005 жылы, содан соң 2010 жылы. Немесе президенттің қаза болуы: Түркіменстан мен Өзбекстандағыдай», — деді сарапшы.
Бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа үндеуінде 20 наурызда мемлекет басшысы ретінде өкілеттігін тоқтатынын мәлімдеген болады. Ал президент міндетін Сенат төрағасы Тоқаев уақытша атқарады.