теңге бағамының алдағы тағдыры қандай болады?
Теңге бағамы сыртқы факторлармен емес, ішкі саяси факторлармен анықталады, деп санайды сарапшылар
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаевтың президент ретінде өкілеттігін тоқтату туралы шешімі теңге бағамына айтарлықтай әсер еткен жоқ, деп санайды Forex Club КТ сарапшылары.
«Бұл хабарға қарамастан теңге бағамы айтарлықтай тұрақты қалып отыр, қазір ол долларына 376,5 теңгеден саудалануда», — деп атап өтті мамандар.
Қазақстан президентінің міндетін уақытша атқару сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктелді.
Тағы оқыңыз: Қазақстанды кім басқаруы мүмкін? Белгілі саясаттанушы болжам жасады
«Алдағы уақыттарда теңге бағамын сыртқы емес, ішкі саяси факторлар анықтауы мүмкін. Қазақстан экономикасы едәуір тұрақты, қаржы мамандарының бағалауынша, Назарбаев ел үшін айтулы тұлға болғанымен, бұл жағдайды оңай еңсереді», — деп санайды сарапшылар.
Тағы оқыңыз: Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатты
Теңге бағамына мұнай бағасының динамикасы көбірек әсер етпек. Forex Club болжамынша, ұлттық валюта бір долларына 375-377 теңге шамасында сатылады.
sputniknews.kz