Алматыда аурухананың бас дәрігері қамауға алынды
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Нұрлан Тұрдалин пара алды деген күдікке ілінді
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Алматыда қалалық орталық клиникалық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Тұрдалин қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысы бойынша Н.Нұрдалин ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабында көрсетілген қылмысты жасады, яғни пара алды деген күдікпен екі айға қамауға алынды», — дейді қалалық сотының баспасөз қызметі.
Нұрлан Тұрдалин Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының директоры болып 2017 жылдың 1 ақпанында тағайындалған болатын.
sputniknews.kz