Медициналық қызметкерлердің психологиялық қасиеттер | Скачать Реферат
Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Дәрігер тұлғасы.
2. Медицина қызметкерлерге қойылатын талаптар
3. Медициналық талаптардың принциптері
4. Медициналық қызметкерлердің психологиялық қасиеттер
5. Дәрігерлік деонтология
6. Дәрігерлік құпия
7. Медициналық этика
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Дәрігер мамандығы — ең көне кәсіптердің бірі. Мыңдаған жылдар бойы дәрігер жұрт арасында, әсіресе сол заманның зиялыларының ішінде, әртүрлі сезімдер тудырған. Ол сезімдердің қайшылығы, орта ғасырларда дәрігерге берілген анықтамадан бейнеледі: дәрігер — (үш жүзді). Яғни, халықтың ойы бойынша, дәрігер үш жүзді болған: кәдімгі өмір жағдайында — әдепті адам, науқастың жанында періштедей, ал талап еткенде — шайтандай. Материалдық құндылықтар жүрген жерде, бақылау да жүрген, қоғам әрқашан да медициналық әрекетті бақылауға алып, үнемі қадағалап отыр. Ежелден дәрігер тұлғасына ерекше талап қойып, өсиеттер айтып, олардың білімі мен біліктілігіне және адамгершілік қасиеттеріне көп мән берген. Бүгінгі күні де, адамдар дәрігерлерге ерекше көзкарас білдіріп, олардың мамандық тәжірибесіне, қайырымдылығы мен әдептілігіне, басқа қабілеттеріне көп үміт, міндет артады. Ал тәжірибелік дәрежесі және білгерлігі жоғары дәрігерге, тұрғындар үлкен құрмет, сый көрсетіп, оның абыройын, беделін көтере түседі. Орыстың белгілі жазушысы А.П.Чехов: Адамның тұла бойында сыртқы пішіні, жан дүниесі мен ойлары, «киген киімі — бәрі де өте ғажап болуы қажет, — деген екен. Өзінің негізгі мамандығы дәрігер болған соң, білікті жазушының бұл айтқанын, дәрігер мамандығы бар адамдардың бойына қажет қасиеттерден құралған-ау — деп ұғынуға да болады. Шынында, баска мамандықтарға қарағанда, дәрігердің өмірі, оның қылықтары, жүріс-тұрысы көпшіліктің көзіне жиі түсіп, олардың сынына тұрақты ілінеді деуге болады. Бұлай болудың өзіндік себебі бар, өйткені дәрігер көбінесе мәдениеттіліктің, зиялылықтың, салауатты өмір салтының үлгісі бола отырып, сол қасиеттердің үгітшісі де болып табылады. Әсіресе ауылдық жерде бұл — айқын сезіледі. Дәрігер әркашан өзінің сыртқы пішініне, күнделікті киетін киіміне, мінез-құлқына, сөйлеген сөзіне, жүріс-тұрысына тұрақты түрде көңілін бѳліп отыруы ѳте кажет. Дәрігердің киген киімі ѳзіне шақ, таза және қарапайым болғаны дұрыс. Әрине, дәрігердің киімі өз заманының сәніне, модасына сәйкес болғаны да дұрыс, өйткені әдемі және сәнімен киіну — жалпы мәдениеттіліктің белгісі. Бірақ, сән сақтап, модадан калыспаймын — деп жұмысқа, өзінің мамандығына, мінез-құлқына, қоғамдағы орнына сәйкес келмейтін киім киіп, әртүрлі әшекей тағу да ерсі жағдай.
Дәрігер тұлғасы
Психологиялық ғылымда «тұлға» категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ «тұлға» ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б.
Тұлға деген не деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларының әрқилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: » Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рольдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді.»
Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан «тұлға» ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды түсіреді. Яғни, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеке дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. «Тұлға» ұғымының мазмұнына көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.
Сонымен, тұлға дегеніміз ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие.
Медицина қызметкерлерге қойылатын талаптар
Ең бастысы тиімді қарым-қатынас орнату. Медицина қызметкерлерінің науқаспен жақсы тіл табыса алуы болашақ ем-шараны жүргізуге оңынан ықпалын тигізеді.
Қарым қатынас орнау үшін, ең бастысы науқастың дәрігерге деген сенімін қалыптастыру. Оған дәрігердің өзін-өзі ұстауы, киген таза киімі, яғни қалпақ, халаттың үтіктеулі болуы, жаққан далабы қатты көзге түспейтін өткір болмауы , жүрген жүріс-тұрысы бәрі де науқаспен арасындағы контактіге әсерін тигізеді.
Медициналық қызметкерлер науқасты барлық артық кемшіліктерімен қабылдау керек. Оның ойы мен қалауын сыйлау керек. Науқастың адамгершілік қасиетін таптамау керек. Шындық қаншалықты ащы болса да оны науқасқа жаймен жеткізу керек. Науқасың дәрігерге деп сенілген ақпаратты таратпау керек.
Медициналық талаптардың принциптері
Қазіргі кезде медициналық талаптың принцптері биомедициналық этика түсінігінде тұрақталған. Ол медицина қызметкерлерінің жеке тұлғасының әлеуметтік функциясын қорғайды.
Қазіргі таңда биомедициналық этика үш түрде немесе модельде беріледі:
1. Гиппократ моделі. Бұл модельдің негізгі принцпі — зиян келтірме. Дәрігер пациенттің әлеуметтік сенімін жеңеді. Медицина атасы Гиппократпен тұрақтанған дәрігерлік принцпі (460-377жж.), қазіргі таңда белгілі Антта көрсетілген.
2. Парацельс моделі (1493-1541 жж.) — Қайырымдылық жасау орта ғасырларда пайда болған. Оның негізгі мағынасы емдеудің барлық процессін құрайтын дәрігердің пациентпен контактісі болып табылады.
3. Деонтологиялық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 ж құрылған. (авторы Петров). Негізгі принцпі міндетті орындау.
Биоэтика — дәстүрлі медицинаның заманауи түрі, негізгі принцпі адамның құқығын және мәртебесін сыйлау.
Медициналық қызметкерлердің психологиялық қасиеттер
Коммуникативтік біліктілік астарында тұлғаның психологиялық сипаттамасы жатыр, бұл арқылы адам белгілі бір әлеуметтік топқа … жалғасы