Аягөзде қыс бойы жиналған қар еріп, бір үйдің ішін су басып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Шығыс Қазақстандағы Аягөзде қыс бойы жол жегіне жиналған қар еріп, су сол маңдағы баспананың жертөлесіне бір-ақ кірген. Тіпті, еденнің бетіне дейін көлкіп шыққан ағыны қатты су барлық бөлмелерге кіріпті. Баспанасы бүлінген үй иесі енді екі бөлмесін ғана паналап отыр.  

Аягөзде қыс бойы жиналған қар еріп, бір үйдің ішін су басып кеттіБұл туралы 31-арна хабарлады, деп жазады Stan.kz.

«Су кіргеннен кейін еденнің бәрі су болды. Содан еденнің бәрін жұлып алдық. Қазір екі бөлмеде тұрып жатырмыз»,- дейді үй иесі. 

Үй иесінің айтуынша, көмек дер кезінде келіп, жертөлеге толған суды сорып алған. Бірақ, аз уақыттың ішінде ескі үйдің қабырғасы жарылып, іргетасы үгітіліп кеткен. Үй иесінің алаңдайтыны да осы. Алайда, жергілікті билік өкілдері бұл үй қараусыз қалмайды деп сендіріп отыр. 

«Біздің әкімшіліктен мамандар барды. Бұл жағдай  ауыз судың құбыры дұрыс жасалмағандықтан орын  алып отыр. Үй иесі де жанымызда бірге жүріп, бәрін өз көзімен көрді. Мұнда, құбыры дұрыс емес деген әңгіме айтып тұрған жоқпыз. Жалпы, оларға көмек көрсетіледі»,- дейді Аягөз қаласы әкімінің  міндетін атқарушы Самат Серіков.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz