Астанада құрамында ГМО шегінен асқан өнімдер айналымнан алынды

0

Сатылым бойынша сату ережесін бұзғаны үшін 20 АЕК көлемінде кәсіпкерлерге айыппұл салынды.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Садуақас Байғабылов құрамында ГМО шегінен асқан өнімдерге жүргізілген тексеру нәтижесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Елорданың сауда желісінде Корея Республикасы өндірісінің «Кляр. Сіздердің тамақтарыңызға арналған қытырлақ, дәмді қабықша» және «Юккедян» тез әзірленетін кеспе» өнімдерінің құрамында рұқсат етілетін нормативтердің шегінен асқан ГМО анықталды. Сонымен қатар, сыртқы орамында ГМО-ның бар болуы туралы ақпарат көрсетілмен», — делінген хабарламада.

Астана қаласының сауда желілеріне жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша 219 орамдағы 109,5 кг көлемде «кляр» және 40 орамдағы 3,6 кг көлемде «кеспе» сатудан алынды. Екі сатылым бойынша сату ережесін бұзғаны үшін 20 АЕК көлемінде кәсіпкерлерге айыппұл салынды.

Егерде тұрғындар елорда дүкендерінен аталған өнімдерді қосымша түрде анықтаған жағдайда міндетті түрде 8/7172/31-61-81 немесе 87780127000 телефондары бойынша Департаментке хабарласу қажет.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz