Көркем шығармадағы портрет жасау слайд, презентация — Қазақ тілі

0

Көркем шығармадағы портрет жасау слайд, презентация

 

 

Білімділік мақсаты:
1. 6-сыныптағы оқушылардың пәнге деген қызығуын, ынтасын арттырып, әлеуметтік, танымдық мотивтерінің қалыптасуына жол ашады.   Дүниетанымдық көзқарасын тереңдететіп, сапалы білім мен іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сөз таптары бойынша алған білімдері интерактивті технология, кешенді жаттығулар мен тапсырмалар арқылы пысықталып, оқушының алған білімін бекітеді.
Дамытушылық мақсаты: ББД қалыптастыру мен дамыту оқушы құндылығының негізі :
1.Ақпараттық: әр түрлі ақпараттық құралдармен жұмыс жасай білу; мәтіннен ең негізгі мәселені көре білу; алынған ақпаратты кесте, слайд, тезис түріне айналдыра білу.
2. Коммуникативтік: ауызша сөйлеудің негізгі тәсілдерін меңгере алу: монолог, диалог, сұрақтарға қысқа жауап қайыра білу, полилог деңгейінде өз ойын сауатты, анық , дәлелді жеткізе білу; өз көзқарасын қорғай білу.
3. Оқу-зерттеушілік: жұмысты орындаудың ең тиімді жолдарын өз бетінше  орындай алу; оны жүйелей білу.
4. Әлеуметтік: белсенді жеке тұлға рөлін орындау.
5. Технологиялық:тапсырмаларды орындау барысында өзіндік қолтаңбасын (элементін)қалдыру; 6. Рефлексиялық:өзінің оқу іс-әрекетіне талдау жасай алу; өзінің іс-әрекет әтижесін түсіне отырып, қиындығын(қателігін) таба білу. 
  Тәрбиелік мақсаты: жеке тұлғаның пәнге деген қызығушылығын көтеру, толеранттық , сыйлау , құрметтеу қасиетін тәрбиелеу. Сабақ типі: аралас Сабақ түрі: on –Iine жүйесі бойынша өтетін тіл ұстарту сабағы Пәнаралық байланыс: музыка, сурет, әдебиет Қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру: Жалпылай Жекелей Топпен Оқыту әдістері: баяндау, иллюстрациялық түсіндіру, сипаттау, салыстыру, сұрыптау, жинақтау, талдау, интерактивті, тірек белгілері, Қ.Бітібаеваның жобалау технологиясы, топтау стратегиясы,ойын элементтері Көрнекілік (слайдтар, суреттер) интерактивті тақта. Сабақта енгізілетін терминдер мен түсініктер:  «портрет», «мінез».

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!