Су ресурстары комитетінің төрағасы қамалды
Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қамалды. Бұл туралы 18 наурызда Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Әбішевті қамауға алу туралы отырыс 16 наурызда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында өткен. Шенеунік 2019 жылдың 14 мамырына дейін қамауда болады. Әбішевке қандай айып тағылғаны айтылмады.
15 наурызда Ислам Әбішевтің қызметтен шеттетілгені хабарланған еді.