Алматыда 18 жыл бойы іздестірілген қылмыс әлемінің «серкесі» ұсталды (видео) — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан мен Қырығызстанның ІІМ-нің бірлескен шұғыл шараларының нәтижесінде Алматыда Интерпол желісі арқылы 1991 жылдан бері іздеуде болған азамат ұсталды.
Бұл туралы «АКИpress» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Тұтқындалған азамат 1971 жылғы. Бұған дейін ұрлық, қарақшылық, аса ірі көлемде ұрлық жасап, атыс қаруын заңсыз сақтап, алып жүріп, адам ұрлап, бопсалағаны үшін бірнеше рет сотталған ер адам Шу облысының тумасы екен.
Қылмыстық милиция қызметінің мәліметінше, азамат ұйымдасқан қылмыстық топтарлың бірінің белсенді мүшесі ретінде есепте тұр. Ол ұйымдасқан қылмыстық топ ұйымдастыру, бопсалаушылық баптары бойынша айыпталып, халықаралық іздеуде болған. Ол қылмыс әлемінде үлкен беделге ие, бұған дейін «бақылаушы» деген қылмыстық статусы болған. 2011 жылдан бері іздестірілген екен.
Қырғызстанның ІІМ қылмыстық милиция қызметіне халықаралық іздеудің фигуранты қазіргі уақытта Қазақстанның құжатын заңсыз алып, Алматы қаласының аумағында жасырынып жүргені туралы шұғыл ақпарат түскен.
Биылғы жылдың 8 наурызында Қырғызстан милициясы Алматы қалалық полиция департаментімен бірге шұғыл іздестіру шараларын жүргізіп, оны Алматы қаласынан ұстады. Ер адам қамауға алынды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz