Шымкент орыс драма театры туралы мәлімет: құрылу тарихы мен репертуары
Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрының ғимараты Шымкент қаласындағы Әл Фараби алаңында орналасқан. Театр өнер сүйер қауым арасында өзінің өзгеше әрі дарынды қойылымымен белгілі.
Шымкенттегі алғашқы театр маусымы 1929 жылдың 1 қарашасында ашылды. Осылайша Сырдария өңірінің көрермендік басқармасы халықты театр өнеріне баулу арқылы Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының рухани мүдделерін қамтамасыз етуді ұйғарды.
Бүгінгі таңда театр репертуары революциялық қозғалыстық тарихы, қызыл әскер, флот өмірі мен тұрмысы, жаңа тұрмысты құру, шығыстағы таптық күрес, жаңа тұрмысты құру тақырыптарын қамтыған.
М. В. Раздолин театрдың көркемдік жетекшісі мен бас режиссері болды. Ал ұйымдастыру жұмыстары В. Б. Сибиринге жүктелді.
Тағы оқыңыз: Сәкен Сейфуллин атындағы театр туралы қызықты деректер
1944 жылдың 8 мамырында «Облыстық орыс драма театрын құру жайында» қаулы қабылданды. Театр труппасы бөлініп, іс жүзінде дара қазақ театры құрылды. Алайда ресми түрде театр 1967 жылы 15 қарашада Шымкент облысы мәдениет басқармасының бұйрығымен рәсімделді. Қазақ және орыс театрының директоры Берещук, ал көркемдік жетекшісі Насонов болды.
1949 жылы театр Орал қаласына көшіп, кейін музыкалық комедия театры ретінде Шымкентке қайта оралды. Осылайша 1958 жылы театр қайта құрылды. Сондай-ақ, 17 қыркүйекте қалада театрдың ғимаратын салу жобасын бекіту жайында шешім қабылдады.
Құрылыс жұмыстары 1965 жылдың наурыз айында басталып, 1967 жылдың қазан айында аяқталды.
2000-жылдары театр ғимараты қайта қалпына келтіріліп, сыртқы түрі жаңарды. Театр әртүрлі дағдарыс пен тоқырау кезеңін бастан өткерді. К. Медведев, В. Ванченко, И. Дубровский, П. Догмаров, О. Белинский, Ю. Книжников, С. Абдиев, А. Мельников, И. Вербицкий сынды режиссерлердің арқасында театр үлкен жетістіктерге жетті.
Тағы оқыңыз: Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театры
Сондай-ақ, театр труппасында В. Ломакин, И. Болотова, О. Кобзева, А. Пащенко сынды Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері жұмыс істеді. Дәл қазір өнер ордасының репертуарында ересектерге арналған 26 спектакль мен жастарға арналған 20 қойылым бар.
Соңғы уақытта қазақ драматургтерінің туындыларын орыс тілінде қоюға басымдық беріп жүр.
Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» спектаклі маусым сайын көрсетіліп, әлі күнге дейін өзектілін жоғалтпады. Театр өзінің 81-маусымын Қайрат Сапарбаевтың «Анелия патшаны сүйеді» атты спектаклінің тұсаукесерімен аяқтады.
sputniknews.kz