атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер
Бұл Григориан күнтізбесі бойынша 77-ші күн. Жыл соңына дейін 288 күн бар
18 наурызда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
18 наурызда қандай қызықты оқиғалар болды
Бүгін әлемде Париж коммунасының күні аталып өтеді. Ол тек Францияда ғана емес, көптеген елде тойланады. Мереке 1871 жылы 18 наурыздағы пролетарлық төңкеріс жеңісіне арналған. Бұл жұмысшылардың елдегі билікті өз қолдарына алу жолындағы ең алғашқы сәтті қадамы болатын.
Тағы оқыңыз: 22 наурыз мейрамы туралы не білеміз?
Сондай-ақ, 18 наурыз – Аян беретін түс күні. Кейбір адамдар бал ашудың тиісті ережелері сақталса, бұл күні болашақты көруге болады деп сенеді. Міндетті түрде орындалатын түс көруге болады. Ол сәттілік, ақша, отау құру, перзентті болу сынды жағымды жаңалық әкелуі мүмкін. Аян беретін түстерге сену керек пе, әлде болжамға қарамастан, тағдырыңды өз қолыңа алу қажет пе? Кітаптарда жазылған түс жоруға толықтай сенуге болмайды. Түсіңіздің мағынасын іздегенде, екі нәрсені естен шығармаған жөн. Біріншісі, түс жору кітаптарындағы мысалдардың бәрі сізге қатысты бола алмайды. Екіншіден, түсті жору кезінде оны көрген адамның көңіл-күйі мен өмірлік тәжірибесін де ескеру керек.
Тағы оқыңыз: Наурыз мейрамында дастарқанға қандай тағамдар қойылады
Бұл күні Беларусь елінде Ішкі әскер күні тойланады. Елдегі қоғамдық тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесі. 1918 жылдың 18 наурызында Витебск қаласында қарауылшы жасақ құрамынан Беларусь елінің ішкі әскері құрылған болатын.
Арубада Ту күні аталып өтеді. 1976 жылы 18 наурызда Кариб теңізіндегі бұл шағын аралдың ұлттық әнұраны мен туы қабылданды. Қазіргі таңда ол Нидерланд корольдігінің құрамына енген. Тұрғындарының саны 111 мыңнан асады.
18 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар
1805 жылы Наполеон I өзін Италия королі етіп жариялады. Ресей, Австрия мен Англияда Францияға қарсы коалиция қалыптаса бастады;
1813 жылы АҚШ-та көмір газын өндіруге арналған аппарат патенттелді;
1839 жылы Қытай императоры шетелдік сауда компанияларына елге апиын кіргізуге тыйым салады. Бұл алғашқы апиын соғысының басталуына себеп болды;
1932 жылы Австралияда әлемдегі ең кең Харбор-Бридж көпірі ашылды;
1967 жылы теңізге мұнай төгіліп, 1000 шаршы шақырымға дейін тарады;
18 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1997 жылы үкімет қаулысымен Петропавл жоғары әскери училищесі ашылды. 2009 жылы училищеге әскери институт атағы берілді. Ішкі істер министрлігінің ішкі әскеріне қарайды.
2004 жылы «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ құрылды. Оның қызметін «Қазғарыш» реттейді;
2010 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев Көксарай су реттегішінің салтанатты ашылуына қатысты;
18 наурызда әлемде туған танымал тұлғалар
1844 жылы орыс композиторы, педагог, дирижер, музыкалық сыншы Николай Римский-Корсаков дүниеге келді;
1931 жылы британиялық костюм суретшісі, әскери-тарихи кітаптардың авторы Джон Молло туды. Ол «Жұлдызды соғыстар. IV эпизод: Жаңа үміт» және «Ганди» фильмдері костюмдерінің үздік дизайны үшін екі мәрте «Оскар» сыйлығының лауреаты атанды. Дарт Вейдер бейнесін ойлап тапқан адам;
1949 жылы ресейлік кинорежиссер, сценарист, актер, продюсер, «Ералаш» киножурналының көркемдік жетекшісі Борис Грачевский дүниеге келді;
1959 жылы француз кинорежиссері, сценарист, продюсер Люк Бессон туды. EuropaCorp –тың негізін қалаушы, «Леон», «Оның аты Никита», «Такси», «Бесінші элемент» және т.б. фильм авторы;
1970 жылы америкалық әнші, рэп орындаушысы, актриса, модель, «Грэмми», «Алтын глобус», «Эмми» сыйлықтарының лауреаты Куин Латифа өмірге келді.
18 наурызда Қазақстанда кім дүниеге келді
1944 жылы медицина ғылымының докторы, Қазақстанда офтальмология саласынан тұңғыш докторлық қорғап, профессор атағын алған қазақ ғалымы Еркін Мәмбетов өмірге келді;
1954 жылы сатирик, Қазақстан жазушылар және журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты Толымбек Әлімбекұлы туды;
1973 жылы ҚР конституциялық кеңесінің мүшесі Үнзила Шапақ дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Арыстан белгісінде орналасады. Бұл күні көптен ұмыт болған маңызды шаруаларды шешуге тура келеді. Алайда барынша мұқият болыңыз. Ешбір нәрсені ұмыт қалдырмауға тырысқаныңыз жөн.
sputniknews.kz