Қазақша реферат: «Жалбыр» операсы |

0






ШЫҒУ ТАРИХЫ. Евгений Григорьевич Брусиловскийдің  келесі ірі шығармасы — «Жалбыр» операсы (1935 ж.). Бұл революциялық спектакль Амангелді Иманов бастаған көтеріліс сияқты тарихи окиғаның негізінде калыптаскан. Либретто авторы Б. Майлин (1894—1937) — қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Қостанай облысының тумасы, репрессияға ұшырап, Сталиндік абақтыда атылған. Халык батыры Амангелдінің жауынгері Жалбырмен таныс болған. Опера сюжеті накты тарихи-трагедиялық оқиғаларға сәйкес құрылған. 1914 жыл — бірінші дүниежүзілік соғыстың басы — Қазақстан мен Ресей арасындағы кайшылықтар күрделене тусті, Қостанай өңірінің мал жайылымының үлесі күшейе бастады (Ресей империясының шикізат қоры ретінде). Табиғи бокситтерді соғыс кажеттелігіне өндіру, экономиканы әскери кестеге лайық өзгерту, майдандағы сәтсіздіктер, салықтардың үздіксіз өсуі — осының бәрі Қазақстанның солтүстігіндегі жағдайдың ушығуына алып келді. Халықтың қасіреті, қазақтарды тыл жұмыстарына «реквизициялау» туралы патшаның өкімі барлық жерде ұлт-азаттық қозғалыстың бастамасына себепкер болды. Жазалаушы жасақтар ауылдарды, отбасылардағы табыскер азаматтарды қырып, казактарды сот арқылы қудалаған.

Сөйтіп, опера сюжетін қазақ жазба әдебиетінің классигі Бейімбет Майлин Солтүстік Қазакстанда (Қостанай аймағында) орын алған шынайы тарихи оқиғаларға сәйкес кұрып, отаршыл патшалық Ресей мен жергілікті билеушілердің езгісінен жәбір көріп отырған кұкықсыз, кедей халықтың тағдырын баяндайды. Либреттоның трагедиялық қайшылықтары қазақтардың империалистік соғыстың тыл жүмыстарына күштеп айдауға карсы тұрған 1916 жылғы халык көтерілісінің үндерімен ушығады. Операда ойнайтын кейіпкерлер өмірде болған шынайы адамдар (басты кейіпкер Жалбыр, онын серігі Елемес және тағы басқалары). Бұл халық батырларының тағдырын түсінуге мүмкіндік береді. Опера сюжеті Б. Майлиннін «Алтын сандық» пьесалар
жинағында 1935 жылы жарық көрген «Біздің жігіттер» (5 бөлімнен тұратын драма) атты пьесасына негізделген. Мәскеуде өткен қазақ өнерінің декадасында қойылған пьеса айтарлықтай өнделген және толықтырылған күйінде «Әдебиет майданы» журналында (1936) басылған.








«Жалбыр» операсының авторлары композитор Е. Брусиловский, либреттист Б. Майлин және режиссер, әрі басты рөлдің алғашкы орындаушысы Қ. Жандарбеков оны халыктың және оның жеке өкілдерінің өмірін халық музыкасының тәсілдері арқылы көрсететін реалисттік музыкалық драма ретінде ойластырған. Либреттист, композитор, режиссер мен актерлар тығыз байланыста жұмыс аткарған, сондықтан көп жағдайда алдымен сахналық көрініс немесе мәтін немесе музыка туылғанын накты аныктау мүмкін болмай жатады. Бәлкім, басында тек жалпы сценарийлік жоспар болған болуы керек, кейінірек оны жүзеге асыру үшін музыкалык-поэмалык пішін қарастырылған шығар. Нәтижесінде операда бір жағынан көріністердің дамуының үздіксіздігі, екінші жағынан ән арқылы аяқталған толық нөмірлер сияқты қағидалардың белгілі бір тепе-тендігі сақталған.





.

«Жалбыр» операсының музыкасы. Операдағы драмалық көрініс жіті дамиды, онда шиеленіс пен шынайы көрсетіліп отырған тарихи оқиғалардың теренде жаткан ішкі себептерінің орындылығы ұдайы сезіліп отырады. Мысалы, операның бірінші актісінде-ақ Сүгірмен туындаған тартыста Елемес «байлардан үнемі қорлық көріп жүргенін» айтады. Ауылдык старшина патша өкімі туралы айтқанда, халық көмек пен ақыл сұрап елінің қалаулы ұлы, қамкоршысы Жалбырға барады. Бұл жағдай сол істің заңды жалғасы сияқты көрінеді: қауымның жауласқан екі топқа бөлінуі өмірдің талабы болып отыр. «Жалбыр» операсының сюжетінің әлеуметтік маңызы бар: драматургиялық қайшылыктың екеуі де — халықтың көтерілуі және Хадиша мен Елеместің жеке тағдырлары әлеуметтік қайшылықтардың негізінде пайда болып отыр. Осыған орай композитор негізінен кейіпкерлердің дара музыкалық мінездемелеріне емес, музыкаға, жекелеген көріністердің эмоционалдығына және бұкіл партаяға әсер еткен, операда ойнайтын тұлғалардың қандай да бір дәрежеде калыптаскан топтарына басым көңіл бөледі.






.

Операның музыкалық-драматургиялық композициясында Жалбыр бастаған көтерілісшілерді сипаттайтын батыр халыққа, Хадиша мен Елеместін образдарына және әлеуметтік әшкерелеуге (Сайым, Сүгір, Молда және т.б.) байланысты үш негізгі бөлімдерді көрсетуге болады. «Жалбыр» операсындағы халық батырлығы туралы және халық көтерілісі туралы тақырыптар — операның негізгі сәттері. Бұл жерде қазақ операсында жаңа кейіпкер пайда болды, ол — халық. Шыңында, либреттода онын рөлі динамикадан гөрі, статака куйінде көбірек берілген: хор, көріністер, әдетте, халықтың бір ғана күйін, бір ғана ойын көрсетеді. Тақырыпты ашатын музыка неғұрлым ашық көрсетілсе, аяқталған, ойластырылған болса, соғұрлым халық образы тұтастыққа ие болады.

«Жалбыр» операсы мен «Қыз Жібек» операсынын музыкалық негізін қазақ халық әндері мен күйлері құрайды. Қазақ музыка театрының сахнасы жаңа ұлттық көтеріліс такырыбына бет бұруы көне халық әндері такырыбымен коса, заманауи халықтық марштық жауынгерлік әндерді де қосуды талап етті. Егер де вокалдық музьгка «Қыз Жібек» операсындағыдай тұлғаларды сипаттаудағы негізгі тәсілдерді кұраса, операға симфониялық тәсілдер көтеріліс тақырыбымен, нақтырақ айтсақ, халык тақырыбымен байланысты енгізілген.

Жоғырыда айтылған тарихи оқиғалар опера өнері жанрының аясында «Жалбыр» операсының сюжетінде көрініс тапқан. «Жалбыр» — революциялық тақырыптағы музыкалық спектакль, оның басты кейіпкері — езгіге карсы күреске шыккан халық. Өзінін тақырыбы мен жанры бойынша опера М. Мусоргскийдің «Борис Годунов» және «Хованщина» атты халықтық драмаларының бағытын ұстанады. «Қыз Жібек» операсындағыдай «Жалбыр» операсының музыкалық негізін халықтық әндер мен күйлер құрайды. 









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!