Құрлық сулары туралы слайд,презентация
Құрлық сулары туралы слайд,презентация
Көл-жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстар
Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы
Егер қар жылда еритін мөлшерінен артық түсетін болса, онда ол жата-жата нығыздалып, өзгеріп, мұзға айналады. Бір жерге жинақталған мұз мұздық құрайды.
Мұз жамылғысы-жердің бетін жауып жатқан қатты күйдегі судың түрі
Жер асты сулары — жер қыртысының жоғары бөлігіндегі сулар
Су қоймасы – өзенді бөгегенде пайда болған жасанды көлдер.
Өзен барлық салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды. Өзенге және оның салаларына су ағып келетін жердің бәрі өзен алабына жатады.
Өзеннің ағып шығатын жері оның бастауы деп аталады.
Саға — өзеннің теңізге, көлге, бөгенге немесе өзінен үлкен өзенге құяр тұсы
Канал – екі өзенді қосатын жасанды су
Өзен ағысы- өзен суының жылжып орын ауыстыруы
Сарқырама- судың өзен арнасын көлденең кесіп өтетін тік жартасты кертпештен құлап, тік ағуы.
Меандр- өзен суының айналымы салдарынан пайда болатын,өзен арнасының жоғарыдан қарағанда байкалатын иіні, бүгілісі
Суайрық — екі өзен немесе екі теңіз бен екі мұхит бассейндерінің айырым сызығы.
Өзен аңғары — негізінен өзендердің эрозиялық әрекеттерінің нәтижесінде пайда болатын жер бедерінің созылмалы пішіні; жер бетінің ғасырлар бойы аққан судың эрозиялық әрекетінен жуылып-шайылуы арқылы қалыптасқан, ұзына бойы иректеле созылған, бастауынан сағасына дейін түбі еңіс болып келетін, қазіргі кезде ағын арнасы бар бедердің терең теріс пішіні.