өтінім беру 15 минутқа дейін қысқартылды
«Қазіргі кезде, ауданның 5 бөлімшесінде және 8 полиция басқармасында, сондай-ақ, полиция департаментінің 2 ғимаратында азаматтардың өтініштері мен арыздарын күнделікті іске асыру үшін, бөлімдердің жауапты басшылары мен ішкі істер органдарының ардагерлері бар. Азаматтарды қабылдау уақытылы және жоғары сапамен жүзеге асырылады. Айта кету керек, бұл жаңалық қаладағы кез-келген аймақтың полиция бөлімшесінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы арыздар, өтініштер беруіне мүмкіндік берді. Аралық нәтижелерді қорытындылай келе, бүгін біз келесі нәтижелерге қол жеткіздік: өтініш қалдыратын азаматтардың саны өсті, сонымен бірге өтініштерді қабылдау тәртібі үш есе азайған, азаматтардың аудандық басқармалардың алдында күту фактісі алынып тасталды және маңыздысы – халықтың шағымдары азайды. Айтпақшы, жұртшылықтың қатысуымен азаматтардың жаңа форматқа бағалануы, сондай-ақ қызметтегі басқа да кемшіліктерді анықтау мәселесі бойынша блиц-сауалнамалар мен социологиялық зерттеулер жүргізілуде, олар кейіннен жойылады», деді айтты, Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ержан Оразбеков.
Алматы полициясы қалада халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, қазіргі уақытта аудандық кеңселерде азаматтарды қабылдауда көмек көрсету үшін заң мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын бітірген 15 түлекті бөлу мәселесі қарастырылуда.
«Ары қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар жастар тәжірибесі жайында. Бітірушілерге жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін», — деді полковник Оразбеков.