Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтар жасау
АҒАШТАН ЖАСАЛАТЫН ЖИНАЛМАЛЫ БАҚША ОРЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ
Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … … … …3
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы
ойыншықтардың
сиппатамалары … … … … … .. … … … … … … … … … …
… … … .5
1. Ағаштан жасалатын балалар ойыншықтарының
топтамасы … … … … … ..5
2. Мектеп жасына дейінгі балалар ойыншығын жасау үшін қолданылатын ағаш
түрлері мен
қасиеттері … … … … … … . … … … … … … … … … …
… … … … 23
1.3 Ағаштан ойыншық жасауға қажетті құралдар мен
саймандар … … … … .29
2. Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы
ойыншықтарды жасау
технологиясы … … … … … … … … … … … … … … … …
…40
2.1 Ағаштан құрастырмалы балалар ойыншығын жасау
реттілігі … … … … .40
2.2 Балалар ойыншығын жасаудың технологиялық сызбасы мен картасы…42
2.3 Балалар ойыншығын жасаудың экономикалық
есебі … … … … … … … .. ..52
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … …53
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … …
…54
Қосымша … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … … .56
Кіріспе
Өзектілігі: Бүкіләлемдік қаржы дағдарысы қазіргі замандағы
қажеттіліктер мен құндылықтардың өзгеруіне ықпалын тигізіп отыр. Осыған
байланысты Қазақстан Республикасының заманауи даму кезеңі экономикалық
өсімді әртараптандырумен, сонымен қатар өнеркәсіп және өндірістік
секторлардағы реформаларға назар аударумен сипатталады. Республиканың
негізгі даму драйвері инновациялық жоғары технологиялық өндірістерді
ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі балалар
тауарлары нарығын дамытуды көздейтін жоба ұсынып отыр. Себебі: мамандардың
айтуынша, елімізде 4млн 200 мың бүлдіршінге шетелден ойыншық алу үшін 2
млрд теңге көлемінде қаржы кетеді екен. Ол дегеніміз әлемдік ойыншықтар
нарығының 0,4 пайызы. Оның ішінде Қытай – 31,9%, Ресей – 27,9%, Польша –
9,7%, Қырғызстан – 4,5%, Түркия – 3,9%. Бұл дегеніміз нарықтың 98 пайызы
шет елдерден келетін ойыншықтар да, ал қалған 2 пайызы отандық ойыншықтар.
Олар Қ.Болманов ойлап тапқан Бал Бала атты қазақ тілінде сойлейтін
ойыншықтар мен шымкент қаласында NAVRUZPLASTIC ЖШС өндіретін
полипропиленді, полиэтиленді ойыншықтар. Сонымен қатар Қазақстан нарығында
металдан жасалған ойыншықтар – 20 пайыз, пластмассалық – 70%, ағаш – 2%
және резеңкеден жасалған ойыншықтар – 8% құрайды [1].
Осылайша, біз қазақстанның әлеуметінің отандық балаларды дамытушы
ойыншықтарға мұқтаждығы пен дамытушы ойыншықтардың сапасы және дайындау
технологиясының арасындағы қайшылықты байқаймыз.
Осы қайшылықты ескере отырып, дипломдық жұмыстың тақырыбын Ағаштан
бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтар
жасау деп алдық.
Зерттеу болжамы: Егер технология сабағында ағаштан балаларға арналған
ойыншықты жасау еңбек объектісі ретінде таңдалса, онда әрбір оқушы
қарапайым тәсілмен ағаштан ойыншық жасай алады.
Жұмыстың мақсаты: Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға
арналған құрастырмалы ойыншықтар жасау
Міндеттер:
– Тақырыпқа байланысты ғылыми әдебиеттерге талдау жасау.
– Жас ерекшелігіне сай құрастырмалы ойыншықтарға сараптау жасау
– Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы
ойыншықтардың технологиялық картасын құру
– Құрастырмалы ойыншықтар жасаудың экономикалық есебін құрастыру
Зерттеу нысаны: Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған
құрастырмалы ойыншықтарды жасау үрдісі
Зерттеу пәні: Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған
құрастырмалы ойыншық.
Зерттеу барысында келесі әдістер пайдаланылды:
1) Зерттеу мәселесіне байланысты теориялық әдебиеттерді оқу;
2) Талдау және толықтыру;
3) Анализ және синтез.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы
ойыншықтардың сипаттамалары.
1.1 Ағаштан жасалатын балалар ойыншықтарының топтамасы
Бала тәрбиесінде ойыншықтардың алатын рөлі зор. Алайда ойыншықтардың
маңызын балалардың жас ерекшеліктерінен ажыратып қарамаған жөн. Түрлі
жастағы балалар даму деңгейі бойынша үлкен айырмашылықтарға ие, олардың
өздерін қоршаған заттар мен құбылыстарға деген қызығушылықтары әр түрлі.
Олар өздеріне түсінікті, яғни өз дайындықтарына сай келетін ойыншықтар мен
ойындарды қызығушылықпен ойнайды.
Балалардың жас мөлшері бойынша ойыншықтарды негізгі үш топқа бөледі:
бөбек (нәресте) жасындағы балаларға арналған – 3 жасқа дейін; мектеп жасына
дейінгі балаларға арналған – 3 жастан 7 жасқа дейін, және мектеп жасындағы
балаларға арналған – 7 жастан 17 жасқа дейін.
Бөбек жасындағы балаларға арналған ойыншықтар (қосымша А) (3 жасқа
дейін). Ерте бөбек жасындағы (бір жасқа дейінгі) балалар үшін ойыншық көру,
есту, түс ажырату, ұстау қимылдарын дамытатын ең қажетті зат болып
табылады. Осы жастағы балаларға кереуеттің үстіне ілінетін сылдырмақтар,
салпыншақтар, шарлар, шағын көлемді резеңке және пластмасс ойыншықтар
қажет. Ойыншықтардың түсі ашық, салмағы жеңіл, пішіні қарапайым болғаны
дұрыс. Егер бала ойыншықты жиі аузына салатын болса, сәйкесінше, олар
гигиеналық және қауіпсіз болуы керек.
10-12 айлығында бала тұра бастайды, оның жүргісі келеді, қимыл-қозғалыс
бағыттылылығы дамиды. Бұл жас кезеңінде бөбектерге жиналмалы шәшкелер,
кішкене бөшкелер, шарлар, матрёшкалар, доптар, сырғытқылар, жүріс арбасы,
жануарлар мен құстар мүсіні, салпыншақтар, пирамидалар және т.б.
таптырмайтын бұйым болып табылады.
1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар физикалық жағынан да, ақыл-ой жағынан да
тез дамиды, олардың қимыл-қозғалыстары мүмкіндігінше ұстамды бола түседі,
алайда қол және аяқ бұлшық еттері әлсіз дамыған болады. Бұлшық еттерді
қатайту мақсатында түрлі сырғытқылар, жылқы-әткеншектер, доңғалақты,
тіреуішті ағаш аттар, арбалар, үш доңғалақты велосипедтер, делбелер,
шеңберлер және т.б. ұсынылады. Бұл кезеңде балалардың түс, пішін, түрлі
заттардың арнайы қызметі туралы түсінігін қалыптастыруға көмектесетін
ойыншықтар бағалы саналады. Балалар көп сөйлейді, білімқұмар бола түседі.
Сөйлеуді дамыту үшін қиынды суреттерді, суретті кітапшаларды, кітап-
шымылдықтарды (книжки-ширмочки) пайдалану ұсынылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойыншықтар (3 жастан 7 жасқа
дейін). Мектепке дейінгі балалар тәрбиесі тәрбиенің ең қиыны болып
есептеледі. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін қоршаған заттар мен
құбылыстарға асқан қызығушылық танытады, қиялдауды жақсы көреді.
Бұл жастағы балалар өте белсенді әрі білімқұмар. Олардың ойындары
шығармашылық сипатқа ие.
3 жастан 4 жасқа дейінгі балалар көп уақыттарын далада өткізеді және
асқан белсенділігімен көзге түседі. Соған байланысты оларға спорттық
ойыншықтар – үш доңғалақты велосипедтер, шеңберлер, доптар, сырғытқылар,
шаналар қажет. Одан бөлек, мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың түрлі
заттардың атқаратын қызметтерімен танысуына мүмкіндік беретін ойыншықтармен
ойнауға деген қажеттіліктері туады. Әдетте бұл бейнелі ойыншықтар – үлкен
көлемді қуыршақтар, қуыршақтарға арналған ыдыс-аяқ, жиһаз гарнитурасы,
ойыншық көліктер, адам, жануар және құстардың, қайықтың, қалақтың,
күректің, құммен ойнайтын алаңқайдың, құрылыс материалдарының шағын
үлгілері.
4-тен 5 жасқа дейінгі балалар басым түрде кіші жастағы балалар ойнайтын
ойыншықтармен ойнайды. Тек қана ойын мазмұны күрделене түседі. Тақырыптық
жиынтықтар – бір тақырып аясында жинақталған ойыншықтар тобы көбірек мәнге
ие болады. Мысалы, балабақша, мектеп, зауыт және т.б. Бұндай ойыншықтар
ұжымдастық және серіктестік сезімдерін дамытады.
Мектепке дейінгі жастағы ересек балалардың ойындары мазмұнды бола түседі,
олар даралық, шығармашылық сипатын көбірек қамтиды. Бұл жаста балалардың
қиялы барынша дами түседі, олар сүйікті кейіпкерлеріне еліктеп, ойын
сюжетін өздері ойдан шығарады. Бұл жас кезеңіндегі ойыншықтар түрі сан
алуан: музыкалық, дидактикалық, спорттық, еңбектік, бейнелі ойыншықтар,
үстел үстілік ойындар, кітап-шымылдықтар, ойыншық-ермектер, театралдық
ойыншықтар. Солардың арасында балаларды мектепке даярлайтын ойыншықтар –
әріптер мен сандар жиынтығы, әліппе, санау таяқшалары және т.б. айрықша
орынға ие болады [2].
Педагогикалық қызметі бойынша ойыншық түрлері
Педагогикалық қызметі бойынша ойыншықтарды түрге бөлудің негізіне олардың
бала ақыл-ойына, физикалық және эстетикалық дамуына тигізетін әсері
енгізіледі.
Баланың жас ерекшеліктерін, жеке қасиеттері мен бейімділігін ескеріп
таңдалған ойыншықтар педагогикалық құндылыққа ие болады.
Педагогикалық қызметі бойынша ойыншықтарды келесідей топтарға бөледі.
Бастапқы қимыл-қозғалыс пен түйсінуді дамытушы ойыншықтар. Бұл – бөбек
жасындағы (1 жасқа дейінгі) балаларға арналған ойыншықтардың ең маңызды
тобы. Олар сезім мүшелерінің (көру, есту, сипап-сезу), қимыл-қозғалыс
бағыттылығының, түс пен пішінді қабылдаудың дамуына әсер етеді. Баланың
алғашқы қимыл-қозғалыстары басым түрде дыбысымен, пішінімен, түсімен өзіне
тартатын сылдырмақ, салпыншақ, шар, сақина секілді ойыншықтармен
шақырылады.
Бұл топқа және де пирамидалар, жиналмалы шәшкелер, кішкене бөшкелер,
матрёшкалар мен т.б. жатады. Бұл ойыншықтардың пішіні мен құрылысы
қарапайым; оларды оңай жуып-тазартылатын материалдардан (резинадан,
пластмассадан, ағаштан) жасайды.
Аталмыш топтың ойыншықтарына айрықша талаптар қойылады. Олар гигиеналы
болуы, сабынды жылы сумен жақсы жуылуы керек, беткі қабаттары қабыршақ және
өткір бұрыштарсыз, тегіс болуы керек; ойыншықтарды жабатын бояу ашық, бірақ
зиянсыз, сумен шайылмайтын және сілекеймен ерімейтін берік болуы керек.
Балаларды өздерін қоршаған ортамен және табиғатпен таныстыратын
ойыншықтар.
Бұл – мазмұны бойынша сан түрлі, баланың жалпы ой өрісін кеңейтуге
мүмкіндік туғызатын, зеректігін, сөйлеуін дамытатын сюжетті-бейнелі
ойыншықтардың үлкен тобы. Оларға балаларды үй тұрмысындағы заттармен
(жиһаз, ыдыс, киім), жануарлар және өсімдіктер әлемімен, көлік түрлерімен,
түрлі кәсіби мамандықтармен таныстыратын ойыншықтар жатады.
Педагогикалық көзқарас тұрғысынан түрлі мамандық өкілдерін танытатын,
әсіресе балалардың дәстүрлі сүйікті ойыншығы – қуыршақтар аса құнды.
Қуыршақпен ойнау барысында бала сұрақтар қояды және оларға өзі жауап
қатады. Ойын балалардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін және
сөйлеуін дамытады.
Ұжымдық шығармашылық ойындарын ұйымдастыру үшін белгілі бір тақырыптарға
арналған ойыншықтар жиынтығы –балабақша, зообақ, мектеп, зауыт және т.б.
қажет. Бұл ойындарға балалардың өздерін қоршаған өмірге деген қызығушылығы
мен сонда өмір сүруге деген ұмтылыстары негіз болады.
Балалардың физикалық дамуына мүмкіндік туғызатын ойыншықтар.
Қимыл-қозғалыс және спорттық ойындарға арналған ойыншықтар сан түрлі әрі
барлық жастағы балаларға арналған. Олар баланың физикалық күшінің бекуіне,
бұлшық еттің, ептілік пен бүкіл дененің иілгіштігін дамытуға мүмкіндік
туғызады.
Бұл топқа жүру және жүгіру кезіндегі жаттығуларға қажетті (сырғытқылар,
арбалар, делбелер, шаналар және т.б.), секіруге қажетті (секіртпелер),
лақтыруға қажетті (қалашықтар, кегльдер, доптар және т.б.), аяқ бұлшық
еттерін дамытуға және қатайтуға арналған (велосипедтер, спортроллерлер,
педальді автокөліктер, шаңғылар, конькилер), мергендікті дамытуға қажетті
(мылтықтар, тапаншалар), қолдың және саусақтардың бұлшық еттерін дамытуға
қажетті (матрёшкалар, пирамидалар, шәшкелер) ойыншықтар жатады.
Спорттық ойыншықтар барлық жастағы балаларға арналған, алайда баланың
жас ерекшелігі мен физикалық дамуын ескере отырып таңдалғанда ғана оң
әсерін көрсетеді [3].
Дидактикалық ойыншықтар.
Бұл ойыншықтар барлық жастағы балаларға арналған. Олар баланың ақыл-
ойының дамуына, жалпы ой өрісінің кеңеюіне мүмкіндік туғызады. Дидактикалық
ойыншықтардың педагогикалық құндылығы мынада: олар ойын барысында оқытып-
үйрету элементтерін қамтиды.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін жинауға, бұзуға, сырғытуға,
қабаттауға, құрастыруға болатын ойыншықтар үлкен мәнге ие. Ойын барысында
балалардың зейіні, байқағыштығы, зеректігі, есте сақтау қабілеті дамиды,
олар жаңа пішін және түспен танысады.
Дидактикалық ойыншықтар тобына үлкен тәрбиелік және танымдық мәні бар
көптеген үстел үстілік ойындар кіреді.
Үстел үстілік ойындардың тәрбиелік мәні келесіде: олардың тақырыптарының
аясында мектепте оқылатын, жалпы білім беру материалы және сыныптан тыс
оқуға ұсынылған мазмұнды мәліметтер қамтылады. Ойын қызығына түскен балалар
өздері байқамаған күйде қоршаған әлем өмірінен алынған бірқатар
ақпараттарды игереді және сол уақытта жадын, зейінін, ойлауы мен сөйлеуін
жаттықтырады.
Үстел үстілік ойындар балалардың мектепте игерген білімдерін (зоологиялық
лото, шет тілдегі сөздерді есте сақтау бойынша өткізілетін ойындар, химик-
әуесқой, физика бойынша тәжірибелер және т.б.) бекітуде кеңінен
қолданылады, ал кіші жастағы балаларды, білікті жетекшілік жасалса
–мектептегі сабақтарға дайындайды. Үстел үстілік ойындар білімге деген
қызығушылықты оятады, балаларға тарих, әдебиет, география, астрономия
бойынша ақпараттарды жеткізеді. Олар бала ой өрісінің кең түрде дамуына
және көркем талғамын тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Балаларды ғылым және техника элементтерімен таныстыратын ойыншықтар.
Бұл топтағы ойыншықтар балаларды мүлде ерекше, қызғылықты жолдармен
техника әлеміне енгізеді. Олар балаларға машиналардың, механизмдер мен
құрылыс нысандарының жасайтын жұмысы және құрылысымен танысуға, олардың
жұмыс жасау ережелерін түсінуге көмектеседі, өз бетінше құрастыру
дағдыларына баулиды.
Техникалық ойыншық балалардың өндірістік қабілеттерін дамытуы керек.
Қандай да бір ойыншықты түрлі бөлшектерден жинай отырып, бала дәнекерлеудің
негізгі тәсілдерін үйренеді, құралдарды қолдануға машықтанады, сызбаларды
түсіне алатын жағдайға жетеді. Ондай ойыншықтар балалардың үлкен
қызығушылығын оятады, олардың техникалық шығармашылығын дамытады.
Ойыншықтардың бұл тобына көлік, ұшақ, тікұшақ модельдерін құрастыруға
арналған жиынтықтар, түрлі конструкторлар, оптикалық ойыншықтар
(микроскоптар), химия жиынтықтары, жол талғамайтын ойыншық модельдері, жүк
крандары және т.б. жатады [4].
Бұл ойыншықтардың көпшілігі химия, физика, механика, аэродинамика
заңдарына негізделіп жасалынған. Бұл ойыншықтар оқушыларға мектеп
бағдарламасындағы қиын пәндерді игеруде көмектесуге арналған. Ойыншық
жұмысын баптау, дәнекерлеу, оны күту, сызбаларды оқи білу техникалық
сауаттылықты жоғарылатады, балалардың политехникалық білім алуына мүмкіндік
жасайды.
Балаларды еңбек үдерістерімен таныстырушы және бастапқы еңбек дағдыларына
үйретуші ойыншықтар.
Көрнекті кеңестік педагог А.С.Макаренко дұрыс кеңестік тәрбиені еңбексіз
тәрбие ретінде елестету мүмкін емес деп жазады.
Еңбек тәрбиесі баланың жан-жақты дамуына ықпал жасайды. Бала мықты,
физикалық епті, шыдамды ғана болып қоймай, рухани дамиды, байқағыш болады,
тез ұғынуға бейімделеді. Еңбек барысында мінездің іргетасы қаланады,
сондықтан баланың бойында ерте жастан еңбекке деген құрмет пен
сүйіспеншілікті тәрбиелеген жөн.
Балалардың еңбек әрекеті ойынмен тығыз байланысты. Баланы ерте жастан
еңбекке баулуға күрекше, тырма, шелек, су сепкіш, арба, ағаш балға секілді
ойыншықтар, сонымен бірге ойын үдерісі еңбекпен ұласатын құрылысқа арналған
жиынтықтар көмектеседі. Өз ойындарында мектеп жасына дейінгі балалар
үлкендердің әрекетіне еліктегенді ұнатады.
Бұндай ойындарды ұйымдастыру үшін пішіні мен құрылысы жағынан ересектерге
арналған құралдарды қайталайтын түрлі ойыншық құрал-саймандарды шығарады:
балғалар, гайка бұрауға арналған кілттер, қайшылар, бұрауыштар, сонымен
бірге ұсталық жұмыстарға, кесуге арналған және т.б. жиынтықтар.
Ересек жастағы балалар үшін бұдан күрделірек құрылыс жиынтықтары,
конструкторлар, күйдіру және кесу арқылы бедерлеуге, темір және ағаш
ұсталығына арналған, тігу және техникалық шығармашылық үшін жасалған
жиынтықтар бар. Бұл ойындардың көпшілігі кәдімгі еңбекпен байланысты және
ойнау барысында пайдалы еңбек дағдылары игеріледі [5].
Балалардың көркемдік тұрғыдан және музыкалық дамуына мүмкіндік туғызатын
ойыншықтар.
Балалардың көркемдік қабілеттерінің дамуы олардың эстетикалық тәрбиесінің
ажырағысыз бөлігі болып саналады. Бұл топқа музыкалық және театралдық
ойыншықтар, сонымен бірге конструктивті-көркемдік ойындар кіреді.
Музыкалық ойыншықтар музыкалық есту қабілетін, ырғақты сезуді дамытады,
балаларды музыканы сүюге тәрбиелейді, музыкалық аспаптардың түрлерімен
таныстырады. Музыкалық ойыншықтар қатарына шағын органдар, барабандар,
дабылдар, гитарлар, балалайкалар, домбыралар, ксилофондар, металлофондар
және т.б. кіреді. Олардың кейбіреуі тек әуенді тыңдап қана қоймай, таныс
әуендерді өз бетімен ойнауға және өз әуенін тудыруға мүмкіндік береді.
Сондықтан да барлық музыкалық ойыншықтар музыкалық гамма дыбыстарымен
сәйкестікте дұрыс бапталуы керек.
Жартылайөткізгіш құралдар мен баспа дәнекерін пайдалану жолымен жасалған
электронды музыкалық ойыншықтар ерекше топты құрайды. Бұл ойыншықтар мектеп
жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға арналған, музыкалық
мектептерде де қолданылуы мүмкін.
Театралдық ойыншықтар (қуыршақтар театры, көлеңке театры, театралдық
қуыршақтар) ойын барысында балаларға түрлі театралдық қойылымдарды және өз
өмірлерінен шағын көріністерді қоюға көмектеседі. Олар балаларға көп қуаныш
және күлкі сыйлайды, тілдерінің баюына мүмкіндік туғызады, театрмен
таныстырады.
Балалардың көркемдік қабілеттерін дамыту үшін картон немесе текшелердегі
түрлі қиынды суреттер, мозаика, суреттерді бояуға арналған альбомдар,
жабыстыруға арналған ермексаз жиынтығы, сонымен бірге көркем қолөнер
кәсіптері –күйдіру, ағаш ою бойынша жиынтықтар бар.
Ойыншық-ермектер. Бұл ойыншық түрлерінің қызметі – балалардың бойындағы
әзіл-оспақ сезімдерін тәрбиелеуге мүмкіндік жасау, күлкі шақыру, баланы
көңілді және өмірсүйгіш етіп тәрбиелеу. Анық болғандай, бұл ойыншықтар
көңілді тақырыптарда жасалынады және қайталанбас құрылысқа ие болады; үлкен
қызығушылық тудыруы үшін оларды қимыл-қозғалыс механизмдерін орнатып
жасайды, мысалы сайрайтын құстар, барабаншы қоян, аунайтын мешін және т.б
[6].
Дамытушы ойыншықтар: негізгі терминдер және анықтамалар
Дамытушы ойыншықтар термині күнделікті тұрмысымызға еніп, берік орнап
алған. Ойыншықтарға қойылатын басты талаптардың бірі – олардың дамытушылық
қасиеті. Енді сол дамутушы ойыншықтарға тоқтап өтсек.
1. Матрешка – балаларға арналған классикалық ұлттық ойыншық. Балалар
бөлшектеуді және қайта құрастырғанды жақсы көреді әрі бұндай ойын
оларға ойларын жинақтауға, шыдамды болуға және бір жерде отыра
білуді үйренуге көмектеседі, логикалық ойлауы, кеңістікте елестету
қабілеті, ұсақ және жалпы моторика, қол қозғалысының бағытталуы
дамиды.
2. Пирамида – бала алты айлығынан осы ойыншыққа қызыға бастайды. Бұл
жақсы да, себебі ол қолдың ұсақ моторикасының, қимыл
бағыттылығының, логиканың, ойлаудың дамуына оң ықпал жасайды. Егер
пирамида түрлі — түсті болса, түстермен танысу да орын алады.
3. Паровоз конструкторы (RNToys) – балақайлардың сүйікті
ойыншықтарының бірі. Бұндай паровозбен ойнау балаға қолдың ұсақ
моторикасын, қимыл бағыттылығын дамытуға көмектеседі. Паровозды
еденмен сырғыту арқылы бала белсенді қимылдайды, ойыншық
кеңістіктік және логикалық ойлауды, қимыл реттілігін дамытады,
негізгі геометриялық пішіндерді білуге, бастапқы сандарды игеруге
көмектеседі.
4. Зырылдауық балалардың жанды қызығушылығын туғызады. Зырылдауықпен
ойнау қол саусақтарының ұсақ моторикасын және қимылының саралануын
дамытуға мүмкіндік туғызып қана қоймай, зейіннің, еліктеудің
дамуына ықпал жасайды.
5. Бирюлька – көзбен өлшеу қабілетін, ептілікті және сабырлылықты
дамытатын ескілікті отбасылық ойын. Бұл тамаша ойын балалар үшін
айрықша пайдалы. Біріншіден, ойын барысында бала басқа ойыншылармен
ықпалдасуға, кезек сақтауға үйренеді. Екіншіден, балақай өз
назарын дұрыс бөлуге және шоғырландыруға үйренеді. Баланың жады
дамиды, себебі ол қол буындарының белгілі бір қалыптары мен
қимылдарын есте сақтауға машықтанады. Үшіншіден, балалар
сабырлылыққа, бір жерде отыра білуге, ұқыптылыққа үйренеді.
Төртіншіден, ойын детальдары өте ұсақ болуына байланысты, оларды
қозғалту бала қолына, ұсақ моториканы дамытуға тамаша жаттығу болып
табылады.
6. Сортер. Бұл ойынның мәнісі мынада: бала көлемді затты алып
(мысалы, геометриялық пішін), оны ойыншықтың негізгі бөлігінде
орналасқан тиісті орынға орналастыруы керек. Заттар әрқашан да
түрлі-түсті болады. Бұл орайда бала тек заттардың пішіндерін
анықтап қана қоймай, түстерді ажыратуға да бейімделеді. Бұл ойын да
қолдардың ұсақ моторикасын, кеңістікті қабылдауды дамытуға,
логиканы, жады мен зейінді дамытуға арналған.
7. Жиектеме-астар немесе Сеген тақталары және қиынды суреттер.
Жиектемелердің мәні мынада: заттар бөлінген орындарына сай тақтада
орналастырылуы керек. Бала бұл ойынды ойнау барысында пішіндер мен
заттарды, түстерді игереді. Оған өзінің логикалық қабілеттерін іске
қосып, оларды дамыту қажеттілігі туады.
8. Орыстың ұлттық матрёшкасы ұстанымы бойынша бөлшектеніп, бір-бірінің
ішіне жинақталатын кішкене бөшкелерден тұратын Кішкене бөшкелер
(Бочонки) дамытушылық ойыны. Ойын барысында бала түстер мен
өлшемдерді ажыратуды үйренеді. Сонымен қатар, бұл – балақай
қолдарына арналған жақсы жаттығу. Кішкене бөшкелерді қолдану арқылы
құммен, табиғи материалдармен, түрлі көлемдегі кішкене шарлармен
ойнауға болады. Мұндай ойынның басқа үлгісі ретінде табақшалар,
шарлар, жұмыртқалар алынуы мүмкін.
9. Сиқырлы қапшық та балақайларды қатты қызықтырады. Оның көмегімен
балалар түрлі геометриялық пішіндермен танысады, ойыншықтарды
саусақтарымен аударыстыру әрі барлық жағынан ұстап көру жолымен
сезіну және түйсік арқылы қабылдауын дамытады. Ойлау үдерісін
(салыстыру, түрлерге ажырату) жаттықтырады.
10. Баулықтау ойыншықтары (шнуровки) сан алуан түрге ие, балалар үшін
әсіресе алма, алмұрт, апельсин, саңырауқұлақ, қызанақ және сыр
тілімі түріндегілері қызғылықты болады. Ойын 1,5 жастан бастап
ойнауға арналған. Бұл ойыншық жазу және сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруға көмектесе отырып, қолдың ұсақ моторикасын дамытады.
Одан бөлек, қол саусақтарының сараланған және арақатынасты
қимылдарын дамытады.
11. Ағаш ыдыс жиынтықтары ептілік әрекеттерінің дамуына мүмкіндік
туғызады. Бала өз қолын қандай да бір зат-құралға икемдейді. Бұндай
заттарға ең қарапайым тұрмыстық заттар – қасықтар, шыныаяқтар,
тарақтар, щёткалар, қарандаштар және т.с.с. жатады. Олардың барлығы
нақты әрекеттерді қажет ететіндіктен, оларды игеру бас кезінде
балақайға қиын түседі. Бұл тұста әрекеттердің мәдени амалдары
маңызға ие болады.
12. Тізуге арналған моншақтар. Мақсатқа бағыттылық пен табандылықты
қалыптастыру ақтық нәтиже туралы түсініктерді қамтитын қарапайым
нәтижелі әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Нәтижеге (мақсатқа)
қарай бет түзеу мақсатқа бағыттылықтың қалыптасуына мүмкіндік
туғызады. Осындай әрекеттерді жүзеге асыру үшін тізуге арналған
моншақтар, пішінді пирамидалар, бірнеше бөлшектен (моншақтар,
текшелер, қиынды суреттер және т.б.) сурет құрауға баулитын
кітаптар таптырмас дүние.
13. Әйгілі ертегі кейіпкерлерін, адамдарды, жабайы және үй жануарларын
бейнелейтін ағаш мүсіндер жиынтығы балалардың сөйлеуін дамыту үшін
қажет. Бала тілінің дамуы үлкендермен жанды әңгімелесу кезінде
жүзеге асады. Бұндай әңгімелер жалпы түсіністік пен қандай да бір
заттар мен оқиғаларды қамтуы тиіс. Сәйкесінше, тіл дамытуға
арналған ойын кітаптары қандай да бір заттар, әрекеттер мен
сюжеттерді біліп-тануға, түсінуге және атауға мүмкіндік беретін
материалдарды ұсынуы қажет.
14. Текшелер қолдың ұсақ моторикасын, сенсориканы, қимыл бағыттылығын
дамытады. Бала геометриялық пішіндерді, негізгі түстерді (егер
жиынтық боялған болса) игереді, мұнара құрастыруды үйренеді.
15. Дыбыс шығарушы блоктар мен шарлар. Ойын дыбыстарды қабылдауды
дамытады, заттарды пішіні мен түсіне қарап ажыратуға, дыбыстарды
ажыратуға, салыстыруға және жадына жинақтауға үйретеді.
16. Жеміс-жидек пен көкөніс жиынтығы Бөліктер мен қабық және кесуге
арналған құралдар жиынтығы.
17. Ұрғыш немесе Төңкерілген шегелер жиынтығы.
18. Тақтайдағы тайынша (Бычок на доске). Бұл экологиялық таза
ағаштан жасалынатын орыстың ұлттық ойыншық-ермегі. Аталмыш ойыншық
өткен ғасырдың 30-шы жылдары жазылған, А.Л.Бартоның Теңселіп
тайынша келеді, Қадамдап тыныс алады. Бітті ғой тақтай жиегі! Мен
қазір құлап қаламын! (Идет бычок качается, Вздыхает на ходу. Ой,
доска кончается! Сейчас я упаду) –деп келетін өлең жолдарына
көрнекілік іспетті.
19. Пасха төбешігі. Пасха және Қызыл төбешік мейрамындағы дәстүрлі
ұлттық ойын. Ойын көңілді әрі тез өтеді. Балалар бұл ойынды үлкен
ықыласпен бірнеше мәрте ойнайды. Ойын барысында көзбен өлшеу
дағдысы, ептілік, қимыл-қозғалыс бағыттылығы, ережеге бағына білу
қабілеті, сонымен бірге сәтсіздік жағдайында жағымсыз эмоциялармен
күресе білу дағдысы дамиды.
20. Ойлан-тап. Жабылмалы қақпақшалы ұяшықтары бар жиектемеден тұратын
балалардың сүйікті ойындарының бірі. Ұяшықтарда үйрек, қоян,
саңырауқұлақ және шырша жасырынады. Алдымен бала өз бетімен
жиектемені қарап шығады, ізінше үлкен кісі қай қақпақшаның артында
кім жасырынып тұрғанын табуды ұсынады. Ойын есте сақтау қабілетін,
логикалық ойлауды дамытады және негізгі түстерді біріктіруге
септігін тигізеді.
21. Ертегілер тақырыбы бойынша саусақ театрының жиынтығы. Қимыл-
қозғалыс бағыттылығын, ұсақ моториканы, шығармашылық қабілеттерді
және сөйлеу белсенділігін дамытуға бағытталған.
22. Жарғақты жұп мүсіндер. Түрлі текстуралы мүсіндер жиектемесі немесе
пластиналарының жиынтықтары. Балаға көзді жауып, сипап-cезу арқылы
бірдей пластиналар жұбын табу ұсынылады. Ойын түйсік арқылы
қабылдау және байланыстырудың сенсорлық дамуына жәрдемдеседі.
Сонымен қатар, балалар ағаштан жасалған пазл, мозаика, таяқшалар,
домино, лото, конструкторлар және құрылыс жиынтықтарымен, түрлі
музыкалық аспаптармен және М.Монтессоридің материалдарымен
ойнағанды ұнатады [7].
Монтессори-материалдар баланы өз даралық қасиеттеріне сай келетін
өнерпаздығы арқылы өз-өзін дамытуға итермелейтін дайындық ортасының
құрамдас бөлшегі болып табылады.
Монтессори-материалдар түсініктілік деңгейі, құрылымы мен логикалық
реттілігі бойынша бала дамуындағы қабылдау қабілетінің барынша өрістеген
кезеңдеріне сай келеді. Бұл кезеңдер белгілі бір қабілет түрлерін
үйренуге, дарындылықты байқауға, өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу және
дүниетанымды қалыптастыруға қолайлы, дамытушы материалдардың көмегімен
ұтымды қолданыла алады [8].
Материал бойынша ойыншықтарды жіктеу
Материал бойынша ойыншықтар келесі түрлерге бөлінеді: металдық,
пластмассалық, ағаш, резиналық, жұмсақ, керамикалық (Қосымша В).
Аталғандардан бөлек топта үстел ойындары, шыршаны әсемдеу және карнавал
керек – жарақтарынан тұрады. Олардың әрқайсысына жеке – жеке топталып
өтсек.
Металдық ойыншықтар. Бұндай ойыншықтарды көміртекті және қоспаланған
болаттан, алюминии ерітінділерінен жасайды. Тез өңделуге қолайлы ақ
қаңылтыр кеңінен қолданылады: ойыншықтың жоғарғы бөлігінің бөлшектерін
жасауға, сонымен қатар сумен жақындасқанда коррозияға ұшырайтын ойыншықтар.
Кейбір бөлек бөлшектерін пластмассалық массадан әзірлейді: металмен
пластмассаның үйлесімі ойыншықты жеңіл және тартымды етеді.
Метал ойыншықтарды өндіру тәсіліне байланысты: белгіленген
(штампованные), құйылған және слесарлы – механикалық болып бөлінеді.
Метал ойыншықтарының басым көпшілігін қалыптау жолымен жасайды. Бөлек
бөлшектерді біріктіру бекітудің түрлі әдістерін қолданады, мысалы табанның
көмегімен, дәнекерлеу, электрлі пісіру және бұрандалы. Ойыншықтарды
эмальді, майлы, нитробояулармен аэрография және щетканы пайдалану арқылы
бояйды. Бояудың ең жақсы түрі ол – суретті литографиялық баспа жолымен
салу. Сурет анық, әдемі, ойыншықтың жиегін нақты көрсететін болйып шығады.
Белгіленген ойыншықтардың негізгі бөлігі әртүрлі типтегі қозғалтқыштар
болып келетін механизмдар: серіппелі, инерциялы, электр қозғалтқыштар
пайдаланылады.
Белгіленген ойыншықтардың түрлері әртүрлі жастағы балаларға арналған.
Белгіленген ойыншықтар алуан түрлі: су және әуе көліктері, автокөліктер,
құрылыс машиналары және көтеретін механизмдер, ауылшаруашылық көліктері,
элетрлі және оптикалық ойыншықтар, ғарыштық, микроскоптар және тағысын
басқалар. Басым көпшілігін бір – бірін толықтыратын бөлшектердің
жиынтығынан тұратын констурторлар құрайды.
Пластмассадан жасалған ойыншықтар. Бұл ойыншықтар ылғалдан қорйықпайды,
пластмассалық массадан ойыншық жасау аз уақыт алады, бір ғана технологиялық
операциядан жасауға болады, сонымен қатар қосымша өңдеуді қажет етпейді.
Ойыншық жасау барысында пластмассаның ағашпен, металмен және басқа да
материалдармен үйлесімін пайдаланады.
Қазіргі таңда ойыншық жасауда пластмассаның келесі түрлері қолданылады:
аминопласттар, полистирол, полиэтилен, поливинилхлорид, пенополиуретан,
капрон.
Аминопласттан жасалған ойыншықтар. Аминопласттар – несепнәрлер мен
меламинаның формальдегидпен араласуынан пайда болған престелген
пластмассалық массалар. Бұл пластмассалар механикалық беріктікке, едәуір
қаттылыққа, химиялық тұрақтылыққа ие. Аминопласттан жасалған ойыншықтар
әртүрлі: көліктік ойыншықтар, мозаика, қуыршақ ыдыстары, құммен ойнауға
арналған жиынтық, телефондар және басқалар.
Полистиролдан жасалған ойыншықтар. Полистиролдың шикізаты бензол мен
этиленнен пайда болатын стирол. Полистирол қатты және түссіз серпімді
пластик.
Полистиролдан жасалған ойыншықтарға тұрмыстық ойыншықтар, құрылыс
материалдары, музыкалық ойыншықтар, құммен ойнауға арналған ойыншықтар,
көліктік ойыншықтар, түрлі констурторлар, ғарыштық ойыншықтар және басқа да
ойыншықтар жатады.
Поливинилхлоридтан жасалған ойыншықтар. Поливинилхлорид (ПВХ)
хлоровинильді полимерлеуден алады. ПВХ –жұмсақтығымен, жеңілдігімен,
икемділігімен ерекшеленетін жартылаймөлдір және бұлыңғыр мөлдір пластик
[9].
Ағаш ойыншықтар. Ағаш – ойыншықтардың кең ауқымды түрлерін дайындауда
таптырмас материал. Оның басқы қасиеті: салмағының төмендігі, айтарлықтай
беріктік, ағаштың шегелерді ұстап тұру қасиеті, кесу құралдарымен жеңіл
өңделуі. Сонымен қатар ағаштың жоғарғы қабаты әр түрлі қорғаныштық және
сәндік жабындыларды (бояу, лактеу, жылтырату, күйдіру) жақсы қабылдайды.
Ағаш ойыншықтарды жасау әдісіне байланысты: токарлы, столярлы, кесетін,
өрілген.
Токарлы ойыншықтарды ағаштың жұмсақ түрлерін (жөке, көктерек, қандыағаш,
қарағай) токар білдектерінде өңдеу арқылы алынады. Олар боялмаған, боялған,
маймен боялған, эмальды бояуларымен, нитробояулармен, әр түрлі лактармен
боялады. Бұндай ойыншықтар ашыұ түсті, беткі қабаты жылтыр, және оларды
жылы суда сабынмен жууға болады. Токарлы ойыншықтар бөбек жасындағы
балаларға арналған. Олар дидактикалық ойыншықтарға жатады. Токар
ойыншықтары көркем безендіру жағынан да, педагогикалық мақсаты жағынан да
әртүрлі. Оларға матрешкалар, кішкене бөлшектер, конусты мұнаралар,
пирамидалар, қалашықтар, құрылыс жиынтықтары, дөңгелекті жылжымалылар,
жануарлар кейпіндегі доңғалақты арбалар және басқа да ойыншықтар жатады.
Столярлы ойыншықтарды 8- 10 % ылғалдылықты ағаш түрлерінен (көктерек,
жөке, қарағай, қайың, емен, бүк) жасайды.
Столярлы ойыншық өзінің әртүрлілігімен ерекшеленеді: көліктік ойыншықтар;
құрылыс материалдары; әртүрлі констурторлар; қуыршақтың жиһазы; балалар
еңбегіне арналған ойыншықтар [10].
Резеңке ойыншықтар. Резеңке ойыншықтарды жасауда табиғи және синтетикалық
резеңкелерді пайдаланады. Резеңкенің беріктігі, жұмсақтығы және
серпімділігі арқылы әртүрлі формадағы ойыншықты жасауға болады. Резеңке
негізінде жасалған бояулармен жеңіл боялады. Резеңкенің басты ерекшелігі:
су және ауа өткізгіштігі, осы арқылы суда ойнайтын ойыншықтар мен жүзуге
үйрететін ойыншықтар жасалады.
Өндіру технологияларына байланысты резеңке ойыншықтар: қалыптық
(формовые), үрленген, батырылған және пенолатекстен жасалған.
Қалыптық ойыншықтарды арнайы металдық қалыптарда жасайды. Бұл
ойыншықтарды щеткамен немесе аэрография әдісін трафарет арқылы бояйды.
Қалыптық ойыншықтар әртүрлі болады: әртүрлі өлшемдегі қуыршақтар, адамдар
мен жануарлар бейнесіндегі фигуралар, құстар, балықтар, ертегі
кейіпкерлері, резеңке доптар.
Үрленген ойыншықтарды резеңкенің қоспасынан дайындайды. Бұл ойыншықтар
өзінің серпімділігімен ,жұмсақтығымен және жеңілділігімен ерекшеленеді.
Пенолатекстен жасалған ойыншықтар – көңілді және жарқын, ұстағанда
жағымды, олар балаларды қызықтырады және қуантады. Пенолатекс табиғи немесе
синтетикалық латексті көбіктендіру әдісі арқылы алынған серпімді кеуекті
материал [11].
Жұмсақ ойыншықтар. Жұмсақ ойыншықтар арсындағы ең негізгісі жануарлар мен
құстарды бейнелейтін ойыншықтар. Олар балаларды материалдың жылылығымен,
жұмсақтығымен, жеңілдігімен қызықтырады. Бұл ойыншықтың кемшілігі олар
гигиеналық емес және оларды жууға болмайды және дезинфекциялау қиын. Бір
жасқа дейінгі балаларға беруге болмайды.
Керамикалық ойыншықтар. Оларды батпақтан дайындайды да, қатты болу үшін
күйдіреді. Олардың беткі қабаты жалтыр және бұл ойыншықтарды жууға болады.
Бірақ та бұл ойыншықтың түтлілігі үлкен емес, себебі олар сынғыш және ауыр.
Керамикалық өнімдерге шәй, кофе және асханалық сервиздер, жануарлар мен
құстардың бейнесіндегі фигуралар, ысқырықтар, фарфор ыдыстар жатады.
Керамикалық ойыншықтар балалар ойыншығына қарағанда үстел үсті мүсіндерге
жатқызуға болады.
Үстелдік ойындар. Бұл ойын түріне полиграфиялық баспаны пайдаланған
қағаздар мен картон материалдары жатады. Бұл ойын арқылы балалар
географиядан, тарихтан, әдебиеттен, астрономиядан қызықты ақпараққарды біле
аладығ сонымен қатар ойлау қабілеттері дамиды [12].
Конструкторлар және олардың түрлері мен арнаулы қызметтері
Конструктор – бұл түрлі модельдер құрастыруға болатын стандартты
детальдар жиынтығы. Дайын бөліктер ерекше детальдарды арнайы тапсырыспен
жасатуға қажетті уақытты қысқартады, сонымен бірге күрделі жүйелерді жасау
үшін арнайы дайындықты қажет етпейді. Конструкторлар уақытша механизмдерді
құрастыруға, сондай-ақ балалар ойыншығы ретінде де қолданылады.
Алғашқы конструкторды (Meccano) 1901 жылы ағылшын өнертапқышы, бизнесмен
әрі саясаткер, формалды техникалық білімі жоқ Ливерпуль (Ұлыбритания)
тумасы Фрэнк Хорнби (ағыл.) (1863-1936) жасаған. Алдымен Фрэнк Хорнбидің
инженерлік құрылысты кішкентай нұсқада жасау ойы ұлдарға арналған
конструктор жинағынан көрініс тапқан. Ол жаңадан бастаушыларға арналған
механикалық құрал деп аталған, металдан жасалынған және түрлі арқалықтар,
бұрыштамалар, жабындар, дөңгелектер, қапсырма шегелер мен басқа да
детальдардан тұрған. Жиынтыққа гайкалар, болттар, бұрағыштар мен гайка
бұрауға арналған кілт кірген, алайда қандай да бір сызба болмаған – әр бала
қиялын іске қосып, көпірлері, автокөліктері, ұшақтары және ұшатын
тәрелкелері бар тұтас қаланы жасап шыға алатын болған. 1926 жылы алғашқы
түрлі-түсті – қызыл және жасыл детальдар жарыққа шығады. 1970 жылы
конструктор электроқозғалтқышпен толықтырылған. 1981 жылы Францияда ең
алғаш пластиктен жасалынған түбегейлі жаңа модельдер пайда болды.
Төмендегі 1 –суретте алғашқы металл конструктор көрсетілген.
1 –сурет. 1933 жылы СССР – де жасалған металл констуртор.
1932 жылы Данияда конструктордың жаңа түрі – ағаш конструктор ойлап
табылды. Пластмасс текше 1958 жылы дүниеге келген. Бүгінде балалардың қолы
жаңа модельдерге жетеді: магнитті және электронды. Магнитті конструкторда
детальдар өзара магнит көмегімен біріктірілуі мүмкін. Балаларға арналған
магнитті конструкторлар өндірісінің негізін қалаған – 1967 жылы құрылған
канадалық Mega Bloks компаниясы. Компания белгілі бір сюжеті жоқ, жалпылама
пішінді құрайтын, бала өз ойлағанын жасай алатын конструктордың түбегейлі
жаңа түрін ойлап тапқан болатын [13].
Конструктор ойыншықтар – бұл жас инженерлер жобаларындағы бала
шығармашылығының алуан түрі. Конструкторлар – шығармашылық және дамытушы
сипатқа ие, балаларға арналған қызықты ойыншықтар.
Конструкторлардың түрлері
Кез келген конструктор пайдалы болады әрі сіздің балаңыздың дамуына
септігін тигізеді, дегенмен біреуі кішкентай балаларға, ал екіншісі
ересектеу балаларға сай келеді. Сондай-ақ кішкентайдың жынысы мен қалауына
қарай, мынадай түрлерге негізделе отырып, сәйкесін таңдап алуға болады:
– өте кішкетай балалар үшін ағаш немесе пластик текшелер жарайды.
Оларға барлық жақтарынан суреттер жабыстырылған, соның арқасында бала
үшін текшемен ойнау қызықты болады. Конструктор-мозаикалар да бар,
олардың көмегімен бала белгілі бір суретті құрастыра алады. Екі жастан
асқан бала үшін текшеге басқа да пішіндерді қосып беруге болады:
конустар, брустар немесе пирамидалар;
– ересектеу, мектеп жасына таяу шамадағы балалар үшін металл
конструкторлар жарайды. Ол бөлшектерді бұрандалармен бекітуге арналған
тесіктері бар пластинка түрлерінен тұрады. Бұл нұсқа ұл балаларға сай
келеді, өйткені конструктордың көмегі арқылы балалар гайка бұрауға
арналған кілтпен, бұрағышпен және басқа да құралдармен жұмыс жасауға
дағдыланады. Өз кезегінде, ол балалардың бойындағы ер мінезінің
бастамасын қалыптастырады, өнертабыстарға деген қызығушылығын оятады;
– жұмсақ конструкторлар аса тартымды әрі қызықты болып табылады. Барлық
бөлшектері – балаға зиян тигізбейтін жұмсақ, экологиялық таза
материал. Бұндай ойыншық өте кішкентай балаларға сай келеді. Ол
баланың қиялы мен қиялдауын, сонымен бірге сипап-сезуін дамытуға
мүмкіндік береді;
– ең көп таралған әрі танымал конструкторлар – бұл пластикалық
материалдардан жасалынған конструкторлар. Бүгінде бөлшектерін
бұрандалар мен гайкалардың көмегімен байланыстыруға болатын керемет
үлгілері пайда болуда, олар магнит көмегімен де байланысады. Бұндай
конструкторды таңдау барысында барынша сақ болған жөн. Оның өткір иісі
болмауы және экологиялық таза әрі зиянсыз пластмассадан жасалуы керек.
Бұл барлық жастағы балалар үшін әмбебап ойыншық. Ең кішкентай балалар
үшін ірі және түрлі-түсті детальдары барын таңдаған дұрыс, ал
ересектеу балаларға детальдарынан темір жол немесе полиция бөлімшесін
құрастыруға болатын түрлі тақырыптық жиынтықтар сай келеді. Қыздар
үшін ханшайымдарға арналған салтанатты сарай немесе Барбиге арналған
үйді құрастыруға мүмкіндік беретін жиынтықтар да табылады;
– ағаш конструкторлар. Пластикалық түрлермен салыстырғанда, бұлардың
функционалдық деңгейі төмен, алайда боялмағандарын сатып алатын
болсаңыз, ағаш материалының зияндылығы ең сапалы пластиктің өзінен
бірнеше есе аз.
Балаларға арналған металл конструкторлар – 2 – суретте көрсетілгендей бұл
бұрандалы бекіткіштер, бұрандалар мен гайкалардың толық жиынтығы мен металл
бөлшектерден тұратын, ұлдарға арналған тартымды конструкторлар; балалар
үшін – бұл қызықты техника модельдерін жасау және құрастыру қабілеттерін
дамыту.
2 – сурет. Балаларға арналған металл конструктор
Балаларға арналған пластмасс конструкторлар – бұл бала кезден таныс,
пластик бөлшектерден тұратын кеңестік конструкторларға ұқсас, қазіргі
заманға сай өзгертілген конструкторлар. Конструктордың пластмасс
бөлшектерінің көмегімен көшебер архитектуралық үлгілерді, қалалық
аттракцион паркін, үй, кафе, техника және басқа да көптеген үлгілерді
құрастыруға болады. Мысалы, 3 – суретте үйдің көрінісі [14].
3 – сурет. Балаларға арналған пластмасс конструктордан жасалған үй
Кішкене кірпіштерден тұратын конструкторлар – бұл үй және ғимарат
үлгілерін құрастыруға арналған нағыз құрылыс материалы. 4 –суретте
көрсетілгендей конструкторлар керамикалық кірпіштерден тұрады, олар пішіні,
түсі, тіпті салмағы бойынша нағыз кірпіштерді еске түсіреді, алайда өте
кішірейтілген көшірме болып табылады. Құрылыс жүргізу үшін оңай жуылатын,
зиянсыз құрылыс қоспасы қолданылады.
4 –сурет. Кішкене кірпіштерден тұратын конструктор
Барлық конструкторлар балалардың жас деңгейлеріне сәйкес топтарға
бөлінеді:
• Кіші жас тобы (2 жастан 4 жасқа дейін). Бұл жас тобына балалар жұтып
қоймас үшін, ұсақ бөлшектері аз конструкторлар жасалынады.
• Орта жас тобы (5 жастан 7 жасқа дейін). Бұл жаста бала көлемді
нәрселерді құрастыруға көңіл бөледі. Бұндай конструкторлардағы
детальдардың саны көп және пішіндері күрделірек болады, сонда да бала
оларды ата-анасының көмегінсіз жинай алады.
• Ересек жас тобы (8 жастан үлкендер). Бұл жас тобы үшін конструктор
өндірушілер 250 және одан да көп детальдары бар, сюжеті барынша анық
көрсетілетін жиынтықтарды ұсынады.
Құрастыру – кез келген жаста пайдалы ойын. Әдетте, конструктор құрамына
байланыстырушы элементтерге арналған ойықтары бар металл детальдар кіреді.
Онымен қоса, жиынтыққа темір бөліктерді ортақ ойын моделіне жинақтауға
көмектесетін: бұрандалар, гайкалар, болттар, техникалық тораптар,
доңғалақтар кіреді. Одан машина, тікұшақ, құрылыс краны, танк және өз
бетімен қозғала алатын әрі өздеріне жүктелген қызметтерді атқара білетін,
ұл бала үшін қызықты басқа да ойыншықтарды құрастыруға болады [15].
Металл бөліктерден тұратын конструктор ерекше қасиеттерге ие (әрі оң, әрі
теріс), олар оның басқа ойыншықтардан айырмашылығын көрсетеді.
Металл конструктордың артықшылықтары: Қолдың ұсақ моторикасын дамытады,
бір жерде отыра білуге үйретеді. Сындарлы және кеңістіктік ойлауды, баланың
логикалық тізбек құрауын ынталандырады, ақыл-ой қабілеттерін дамытады.
Металл бөлшектер сан қайтара жинауға төзімді. Қалаған жағдайда оларды
майыстыруға және қайта түзетуге болады. Модельдердің кең түрі. Әр бала кең
тізімнен өзіне ұнаған нұсқаны таңдай алады. Жиынтықтар баланы үйдегі
қарапайым ерлер жұмысымен таныстырады: бұрағышпен, гайкамен, бұрандамен
жұмыс. Ойыншықтың ер адамға арналған сипатын анық танытады.
Кемшіліктері: Жас шамасы бойынша шектеулер – 5 жастан асқан балаларға
арналған. Жарақаттану қаупі – темір бұйымдар асқан төзімділікке ғана емес,
жарақат салу қасиетіне де ие. Сондықтан 5-6 жасар баланың бөлшектер
жиынтығын жинау жұмыстары ересек адамның тыңғылықты бақылауымен жүргізілуі
керек [16].
Ағаш – көпжоспарлы материал, ол балақайдың кешенді дамуына мүмкіндік
беретін әрі әлем туралы шынайы ақпарат ұсынатын көру және сипап-сезу
сезімдерін қолдануға жағдай жасайды. Мысалы, пластмасс текше үлкен көлемге
ие болса да, салмағы жеңіл тартады. Бұндай зат баланың салмақ пен көлем
туралы түсініктерін бұрмалайды. Одан бөлек, бала ағаш секілді табиғи
материалды ұстап көру арқылы қоршаған әлемді тани бастайды: сипап-сезу
арқылы баланың миы дамиды. Ағаш ойыншықтардың жылы беткі қабаты түрлі
ақпаратты жеткізеді: ағаш тегіс, бұдырлы, барқыт тәрізді болуы мүмкін.
Пластикалық ойыншықтармен ойнай отырып, бала оның тегіс және салқын бетін
ғана сезеді. Осылайша, ғалымдардың анықтауы бойынша, пластикалық
ойыншықтармен ойнағанның пайдасы жоққа тән.
Ағаш ойыншықтардың артықшылықтары
Табиғилық әрі қауіпсіздік
Бағзы замандардан, ойыншық дайындаудың негізгі материалы – ағаш болған.
Жаңа технологиялардың пайда болуымен, ағаш бұйымдар екінші қатарға
ысырылды, қуанышқа орай көпке емес. Көптеген пластмасс және жұмсақ
ойыншықтар адам өміріне, ал балалар үшін тіпті зиянды болып танылды.
Осындай жағымсыз хабарды естігеннен соң, қазіргі ата-аналардың көпшілігі
өздері үшін дұрыс ой түйді және балаларын қауіпті ойыншықтардан қорғау
ісіне белсенді кірісіп кетті. Белгілі болғанындай, ағаш –экологиялық таза
әрі барыншы қауіпсіз материал, біздің қазіргі ластанған әлемде айрықша
маңызды болып саналады. Бұл табиғи материалдан жасалынған бұйымдар, шулы
мегаполисте өмір сүрсеңіз де, табиғатпен өзіндік жақындасу сезімін
сыйлайды.
Ойыншық жасалынған материалдың табиғилығының өзі 100%-дық қауіпсіздік
кепілі бола алмайтындығын есте сақтаған жөн. Жауапсыз өндірушілер бұйымның
сыртын өндеуде тартымды, алайда өте қауіпті қоспаларды қолдануы мүмкін. Сол
себепті, сатып алмас бұрын таңдалған тауардың қажетті сертификацияның
барлығынан өткендігін тексеру маңызды.
Кең пайдаланылымы
Сұраныс ұсынысты тудыратындығы – анық. Ағаштан жасалынған ойыншықтардың
танымалдылығы артқан сайын, өндірушілер сатып алушыларды ағаш ойыншықтардың
сан түрімен қамтамасыз етуге тырысуда. Соның арқасында кез келген ата-ана
барлық жастағы балалары үшін қызықты заттарды қиындықсыз сатып ала алады.
Түрлі сылдырмақтар, машиналар, текшелер, пирамидалар, конструкторлар,
пазлдар, басқатырғыштар, ойыншық жиһаздар –өз балаңызды қуантуға болатын
заттардың бөлшегі ғана. Бұндай бұйымдар денсаулығына жағымсыз әсер
тудырмаған күйі, баланың дұрыс дамуына көмектеседі. Егер ойыншық ағаштан
жасалынған болса, оның тік және өткір бұрыштары болмайды, ол жұмсақ әрі
кемшіліксіз. Сондай-ақ ағаш ойыншықтар ұзақ уақыт қызмет етуге бейім және
қауіпсіз, ол сіздің балаңызды жарақаттамайды әрі ешқашан да бүлінбейді.
Сонымен бірге, ағаш ойыншықтардың артық әрі қажетсіз детальдары болмайды,
ең бастысы, бұндай ойыншық бала қиялын дамытудағы үлкен мүмкіндіктерді
ашуға жағдайжасайды [17].
Аталмыш ойыншықтар баланы тек қана тұтынуға емес, шығармашылыққа
итермелей алады. Сондықтан табиғаттың бір бөлігінен жасалынған ағаш
ойыншықтар баладан тек тұтынушыны ғана емес, жасаушы-адамды, толық және
үйлесімді тұлғаны тәрбиелейді. Ағаш ойыншықтарды қолмен жасайды және қолмен
бояйды, қауіпсіз және тартымды бояуларды қолданады.
Таңдау үлкен, алайда балалар конструкторының әрқайсысына арналған жалпы
талаптар қатары барын ескеру қажет:
— Біріншіден, детальдардың өнделу сапасына назар аударыңыз: ағаш,
пластмасс, металл және кез келген басқа түрі – тегіс ажарланып, өткір иіс
пен қауіпті үшкір элементтері болғаны жөн.
— Екінші қадам – байланыс орындарын тексеріңіз: олар оңай бірігуі және
ажырауы, алайда берік бекітілуі қажет.
— Үшіншіден, конструктордың түс гаммасына баға беріңіз: балаға ойыншық
таңдау барысында табиғи емес өткір түстерден аулақ болған жөн. Балақай үшін
жақсы үйлесім тапқан үш-бес түстің өзі жеткілікті.
— Вариативтілік – балалар конструкторының тағы да бір маңызды қасиеті. Ол
аталмыш конструктордан ойлап табуға болатын үлгілер санына сәйкес болады:
қиялдау алаңы неғұрлым кең болса, соғұрлым жақсы.
— Бесінші және ең маңызды талап –бұл конструктордың бала жасына сай болуы.
Баланың ойыншыққа деген қызығушылығы бөлшектер саны мен пішінін дұрыс
таңдаудан тікелей тәуелді болады. Мысалы, … жалғасы