Шығарма: МЕН ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН
Қартова Мадина
3-курс, Б. Ахметов атындағы колледж
Мен Қазақстан мемлекеттінде дүниеге келіп, қазақ болып өзімді өсірген ата-анамның, елімнің, алтын бесік – туған жерімнің қадірін, аяулы алақандарының жылулығын сіңіріп өскен қызымын . Туған жерге арналған жыр да, қара сөзбен жазған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Әр халық туған жеріне деген отты сезімдерін қастерлей, ұрпақтан-ұрпаққа махаббаттарымен сүйіспеншілік сезімдерін өлең жолдары арқылы сақтап, ұрпақтарына жеткізген. Біздің де қазақ халқымыз өзі туып өскен өлкеміздің ыстық топырағымен, бәрімізді біріктіретін көк аспанымыздың тұңғиығына шомылып, атамекен құдыретін жас ұрпақ бойына, бала санасына сіңіруде мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, батырлық жырларының арқауына жүгінеміз. Өз өлкемнің перзенті болғандықтан, туған жерімнің әл-ауқаты, оның тұрмысы мен жағдайын көркейтуде ат салысу менің де борышым деп есептеймін.
Қазақ елі талай-талай кедергілерден өтіп, қат-қабат тарихының басты мазмұны азаттық пен тәуелсіздіктің, біздің жарқын болашаққа қол жеткізудегі табанды күресі. 1991 жылының 16 желтоқсанынан Қазақстан тәуелсіз мемлекет атануына, осы тәуелсіздікті сақтап, мәңгілік елге жол бастап қастерлеуде біздің қолымызда. Сондықтан алтын бесік – туған жерімнің көк аспанымның астында қандай қиыншылық кездессе де бір болып ат саласа көтерген жүк ауыр болмас деп, береке-бірлікте бар кедергілерді жеңіп шығатынымызға сенеміз.
Туып-өскен жерімнің ауасына, топырағына не жетсін, өз елімді, өз тілімді құрметтеп, Қазақстан әлемнің түпкір-түпкіріне танымал болып , ел даңқын көтеретінбіз, жұмыла күш біріктіріп, осы құндылықтарды сақтап, қорғауымыз әрқайсымыздың парызымыз.
Қазақ еліміз, ұлтымыз ата-дәстүрін қалтарыста қалдырмай, ұлт болмысын ешбір жауға алдырмай, ел болып қазір аталарымыз салған жолмен мемлекет болуына қаншама күш, қаншама қан мен тер төгілді десеңші . Ата-дәстүрін сақтап, бізге жеткізуде ата-бабалар даналықтарына не жетсің. Сонау Қасым хан тұсынан миллиондаған қазақ талай қиын кезеңдерден өтіп, екіжүз жыл бойы қазақ халқына тыным бермеген жоңғар басқыншыларына қарсы елін бастап ерлікпен қорғаған – Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлар есімдерін, елі үшін бастарын бәйгеге тіккен Әз-Тәуке, хан Абылай, Кенесары сынды хандардың ерліктері ұлт мақтанышы, бабалар рухынан әрқайсысымыз қуат алып, осындай ерліктерін көрген халық «Елің үшін отқа түс – күймейсің» дегендей. Туған елінің бостандығы, жерінің азаттығы үшін күрескен әр замандағы ардақты ерлерін халық ешқашан ұмытқан да емес, ұмытпақ та емес.
Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – әрбірімізге міндет.
Сан ғасырлық кезеңдерде қазақ елі елмен елдесті, жаумен жауласты, дәуірлеу мен тоқырау, шарықтау мен құлдырау белестерден өтіп, еркіндігінен де айырылып, бұл жолдарымыз жай жол емес, даңғыл болып шықты. Ол – тәуелсіздік даңғылы еді.
1991 жылы 16 желтоқсанҚазақстан тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланып , Елбасымыз сайланды. Туысымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, сол себепті жанжал атаулыны болдырмау үшін ерік-жігерімізді аянбай тер төгуіміз керек.
Ел тірегі, арман мүддесі – тәуелсіздік. Еркіндік жолында еліміздің алдыңғы қатарлы азаматтарымыздың күресі жұрт жадында. «Көп ащыдан кейін бір тұщы» айтқандай осы азаттықты сақтауда барлығымыз ерен еңбектенуіміз қажет. Осы тәуелсіздік жолында мыңдаған боздақтар қаза тапты, аштан қырылды, шетелдерге тентіреп, зиялы қауымын жоғалтты, тілі мен ұлтының мәдениетінен айырылуға шақ қалдық. Бабаларымыз қолы жетпеген арманына біз жетіп, азат ел болдық. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері тәуекел қайығына міндік, басқа халықтар ғасыр бойы өткен жолдан біз 22 жылда өттік. Тарихта ол уақыт қас-қағымдай болса да, біздің тәуелсіздігіміз өзімізге қымбат. Ата-баба рухын көтеру үшін, «Отан » деп жүрегімізді толқытып, «елім» деп елеңдетіп, «жерім» деп желпіндіріп, барша жұрттың құндылығына айналды. Тәуелсіздігіміз – біздің бұл күнгі асыл да, қымбат қазынамыз. Бүгінгі егемендігіміз – ертеңгі болашағымыз.
Өрлей бер елім,
Асқақтай бер жерім!– деп, өз тілек-мүддемдібілдіре отырып,өз сөзімді елімнің болашақ жайдарына көңіл бөлгім келеді. Әрбір Қазақстан мемлекетінің азаматтары жарқын әлемнің толыққанды мүшесіне айналуына мүмкіншіліктерді туғызған елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі зор екені күмәнсіз. Біздің еліміздің әл-ауқатын танытатын өскелең ұрпақтың нық қадам басуына қамқорлық жасаушы үқіметтіміздің саясаты мен елбасы жолдауы үлкен үміт күткізеді. Ол «Қазақстан жолы — 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ!» аттыелбасыныңжолдауы.
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!