Витаминдер туралы слайд,презентация — Биология
Витаминдер туралы слайд,презентация
Ұсақ молекулалы биологиялық белсенді заттар (ББЗ), әдетте олар коферменттер немесе олардың бөлшектері болып табылады және тиімді зат алмасу және организм тіршілігі үшін аса қажет. Қазіргі кезде витаминдік белсенділікті бір ғана зат емес, химиялық құрылысы ұқсас бірнеше қосындылар көрсететіні анықталды. Бұл заттарды витамерлер деп атайды.
Адам организміне витаминдер тағаммен түседі, сонымен қатар кейбір суда еритін витаминдер ішек микрофлорасымен де түзіледі, бірақ түзілген витаминдер мөлшері организм қажеттілігін өтей алмайды. Тек биотин және К витамині ғана организмге керекті мөлшерде өндіріледі. Сондықтан витаминдер немесе провитаминдер міндетті түрде тағаммен бірге түсуі қажет. Қазіргі кезде бірнеше жүзге тарта ферменттер болатыны белгілі, солардың құрамына кофактор есебінде витаминдер кіреді.
майда еритін витаминдер (А,Д,Е,К витаминдері)
суда еритін витаминдер (басқалары)
Бұл топқа витаминдердің едәуір саны, соның ішінде В тобының витаминдері, С витамині және т.б жатады. Тиамин (В1 витамин) үлкен мөлшерде бидай ұнының кебігінде, күріште бұршақта, ашытқыда басқа өсімдіктес жануарларда кездеседі. Тиамин ішектен сорылып, фосфорланады және тиаминпирофосфатқа айналады. Тиаминнің жетіспеушілігінде көмірсу алмасуы күрт бұзылады, одан кейін метаболизмнің басқа да түрлері. В1-гиповитаминозы поленеврит, бұлшықет әлсіздігі дамуына, бери-бери ауруына парез және паралич дамуы мүмкін. Сонымен қатар, жүрек-тамыр жүйесінің қызметі бұзылады, кейде тахикардия, жүрек дилятациясы, ісінумен жүретін жүрек жетіспеушілігі дамиды. Невритте, невралгияда, парезде, радикулитте, бірқатар тері ауруларында, асқазан ішек жолының, жүрек-тамыр жүйесінің патологиялық жағдайларына қолданады. Ішке парентералды тағайындайды.