Қостанай облысында жоғалып кеткен 20 жастағы қыз өлі күйінде табылды — новости Казахстана
Қостанай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 20 жастағы қыз өлі күйінде табылды. Бұл туралы бүгін белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
«Бір-екі күн бұрын ғана іздеу салып едік, бүгін осындай қаралы хабар алдық. Жас қыздың денесі Денисовск ауданынан табылды» , — деді тәртіп сақшылар.
Полицейлер әзірге бойжеткеннің неден көз жұмғаны жөнінде мәлімет берген жоқ. 20 жастағы арудың өліміне не себеп болғанын сараптама анықтайтын болады.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында жоғалып кеткен 20 жастағы қыз туралы хабарлаған болатынбыз. Ол жетінші қараша күні түн жарымда үйінен кетіп қалған.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар