Мұнай газ және мұнай өнімін сақтау және тасымалдау слайд,презентация
Мұнай газ және мұнай өнімін сақтау және тасымалдау слайд,презентация
Мұнай және мұнай өнімдерін теміржол арқылы әрқашанда вагонцистерналармен тасиды.Тек ӛнімнің аз ғана бӛлігін ұсақ ыдыстармен тасуға болады. Вагонцистерна болаттан жасалған горизонталдык цилиндр.Жүк көтергішіне қарай екі немесе тӛрт болікті болып келеді.
Таситын цистерналардың конструкциясына қарай олар стандартты және арнаулы қолданысты деп бӛлінеді.Стандартты цистерналармен тұтқырлығы мен температурасы құю-қотару жұмыстарына тәуелсіз мұнай өнімдерін тасиды.Арнаулы қолданыс цистерналарымен тұтқырлығы жоғары мұнай ӛнімдері тасылады. Арнаулы қолданыстық цистерналар ішіндегі мұнай ӛнімдерінің сууын баяулату үшін оларды жылытқыш құбырғыларымен жабдықтайды. Осының нәтижесінде аудару-қотару жұмыстары тез жүреді. Ең кӛп тарағаны, кӛлемі 50 және 60 мᶾ төрт бірлікті цистерналар. Балқу температурасы баяу жүретін битумды тасымалдау кезінде бункерлік жарты вагон деп аталатын арнаулы теміржол вагоны қолданылады. Бұл ерекше вагонның рамасына төрт бункер (кӛлемі 118 мᶾ) орнатылған. Бункер толы болса, оның ауырлық орталығы тірек нүктелерінен биікте орналасады. Сондықтан бункер битум құятын алаңға оп-оңай аударылады, одан кейін бұрынғы вертикалдық қалпына келеді.