Мұсылманшылықтың тұтқасы слайд,презентация
Мұсылманшылықтың тұтқасы слайд,презентация
Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» («Шараит-ул-ислам») атты еңбегі 1884 жылы Қазан қаласында араб әрпімен жарық көрді.
«Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты еңбегін жазудағы мақсаты жөнінде Ы. Алтынсарин былай дейді: «…біріншіден, қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, ал екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілі орынсыз етек алуына жол бермеу үшін мен соңғы кезде Мұхамбет шариғатын үйрене бастап… осы оқу құралын құрастыруға кірістім».