Орысбай Әбділдаұлы | өмірбаяны

0

Орысбай Әбділдаұлы 1939 жылы 11 наурызда Қырғызстандағы Шу ауданына қарасты Быстровка ауылында туған. 

1962 жылы Ұзынағаштағы Ж.Жабаев атындағы №23 ауыл шаруашылығы училищесін бітіріп, ауылда әр түрлі қара жұмыстар атқарады. 

1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін тамамдаған соң, «Балдырған» журналында, республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде, «Жалын», «Жеті жарғы» баспасында жұмыс істеді, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болды. «Баспасөз үздігі» белгісімен және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған, Алматы облысының Құрметті азаматы.

Қазақстан Журналистер одағының және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты. Классикалық күрестен спорт шеберлігіне кандидат.

Шығармалары: Сымбат. Эссеәңгімелер. А., «Жалын», 1969; Қолтаңба. Әңгімелер мен новеллалар. А., «Жалын», 1982; Өмірсерік. Эсселер мен әңгімелер. А., «Өнер», 1983; Палуан. Әңгімелер. А., «Жалын», 1986; Туған жер демі. Әңгімелер. А., «Жалын», 1986; Уыз шақ. Әңгімелер мен новеллалар. А., «Жалын», 1989; Шапағат. Жолжоралғы жырлары. А., «Жеті жарғы», 1998. Сөз бен саз. Эсселер, әңгімелер мен ойтолғамдар. А., «Ана тілі», 2001; Салсерілер сабағы. Эсселер. А., «Ғылым» ғылыми орталық баспасы, 2003; Тас түлек. 2004; Асыл адам айнымас. 2005; Төлеген – толғау. 2006; Ізбасар. 2007; Хамза қажы ғибраты. 2008; Тау тумасы. 2009; Ана сүті. 2009.