Сыныптан тыс жұмыс «Волейбол әлемінде»
Сыныптан тыс жұмыс
«Волейбол әлемінде»
(Ақпараттық қатысымдық технологияны пайдаланылған)
(«Білім берудің қазіргі мазмұны» атты аудандық оқу семинарында өткізілген)
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі . Ділман Даурен Жанабайулы
Сабақтың тақырыбы: Волейбол әлемінде
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру,допты қабылдауға ақыл-ойын жетілдіру, топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу
Қажетті құралдар: Волейбол добы,ысқырық, уақыт өлшегіш( секундомер)
Өтетін орны: Мектеп спорт залы
р/с | Сыныптан тыс шараның мазмұны | Мөлшері | Мақсаты |
1 | І.Дайындық бөлімі
Оқушыларды қатарға тұрғызу,шараның мақсатымен таныстыру |
15 минут
1 минут |
Шараға қатысуға жақсы психологиялық жағдай туғызу
|
2 | Волейбол ойыны туралы кіріспе ақпарат | 7 минут | Волейбол ойыны туралы оқушыларға интерактивті тақтадағы слайдтар арқылы теориялық ақпарат беру |
3 | Қыздырыну жаттығулары:
ü Залды айнала саппен жүру: ü Спорт зал алаңмен жүгіру ü -Б.қ. қолды белге қойып, оң жақ жанымен жүгіру. ü -Б.қ. қолды белге қойып, сол жақ жанымен жүгіру. ü -Б.қ. қолды белге қойып, аяқты артқа серпи жүгіру. ü Қолды белге қойып екі тізені алма кезек көтеріп жүгіру. ü Жай жүріске көшу. ü Әр адымға қолды жоғары көтеріп керіле жүру. ü Қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен жүру. ü Қолды мықынға қойып аяқтың өкшесімен жүру. ü Отырып қаз жүріспен жүру. ü Отырып секіру. |
30 сек 30 сек 30 сек
30 сек
30 сек 30 сек
30 сек 30 сек 30 сек
30 сек
30 сек 30 сек |
Негізгі жаттығуларға көшу алдында оқушылардың денелерін қыздырып, жаттығулар арқылы оқушылардың сабаққа дайындау, қызығушылығын арттыру. |
3 | ІІ. Негізгі бөлім
Волейбол ойынына қатысты арнайы жаттығулар жасату. ü Әр оқушыға доп беріп жаттығу жұмыстарын жасату ü Әр екі оқушыға бір доп беріп, өзара доппен ойнауын қадағалап үйрету ü Допты кеудемен зырғанап алу тәсілін үйрету ü Допты бір-біріне жоғардан беру тәсілін үйрету ü Допты бір-біріне төменнен беру тәсілін үйрету ü Допты жанынан беру тәсілін үйрету ü Тордан доп ұру тәсілдерін үйрету ü Торда қарсылас ойыншыға тосқауыл қою тәсілін үйрету ü Оқушыларды сапқа тұрғызып, 2-3 топқа бөліп,волейбол ойынын игерілген әдістермен құрастырылған қозғалыс әрекетін құру тәртібін үйрету және допты ойынға қосу тәртібін түсіндіру |
28 минут
3 минут
3 минут
3 минут
3 минут 3 минут
3минут 3 минут
3 минут
4 минут |
Волейбол ойынының әр түрлі элементтерін меңгерте отырып оқушыларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, шеберлікке, спортты сүюге тәрбиелеу, іскерлігін дамыту. |
4 | ІІІ. Қорытынды бөлім
Оқушыларды білімін жүйелеп, волейболдың элементтерін жеке-жеке көрсету арқылы бағалау, марапаттау. |
3 минут |
Сабақтты қорытындылау және алған білімдерін практика жүзінде өмірде пайдалану. |