Оралбай Әбдікәрім | өмірбаяны

0

Оралбай  Әбдікәрімов — 1944 жылдың 18 желтоқсанында Қарағанды облысы Нұра ауданында дүниеге келген.  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты (сенатор).

 

Қарағанды мемлекеттік университетін, Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын шопандықтан бастаған, әскери теңіз флотында борышын атқарған. 1969 жылдан бері қоғамдық-саяси жұмыс атқарған.

 

  • 1981 ж. бастап республика басқару органдары салаларында мемлекеттік қызметте.
  • Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинетінің ұйымдық-инспекторлық және аумақтық даму бөлімдерінің меңгерушісі болып тағайындалған
  • Елбасы Әкімшілігінің Басшысы
  • республикалық Жоғары тәртіптік кеңесінің төрағасы
  • Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы қызметтерін атқарған.
  • 1999 ж. қарашаның 30-ында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған,
  • 1999 ж. желтоқсанның 1-інде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болым сайланған.
  • 2004 ж. наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.
  • 2007 ж. мамырдың 15 Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
  • 2007 ж. тамыздың 28 ҚР Президенті жарлығымен ҚР Парламенті Сенаты депутаты боп тағайындалған (Президент үлесі бойынша).
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 12 шақырылымының депутаты болған.

 

Марапаттары:

·         Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалі

·         II дәрежелі «Барыс» ордені (2001)

·         ТМД ПАА-ның «Содружество» ордені (2002)

·         ТМД ПАА-ның «Древо дружбы» алтын медалі (2003)

·         8 медаль

·         Қарағанды облысы Нұра ауданының құрметті азаматы

·         Кореяның Кьен университетінің құрметті профессоры

·         Мәскеу мемлекеттік Лингвистика университетінің құрметті профессоры.