8 наурыз мейрамы балабақшадағы мерекелік іс-шаралар
Жүргізуші: Қымбатты балалар және біздің құрметті қонақтарымыз! Міне, бізге ең тамаша жыл мезгілі – көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, аналарымызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен, қымбатты әйелдер, 8 наурыз мейрамы құтты болсын!
Жүргізуші: Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,
Әйелдер күні бүгін халықаралық!
Жарыққа бізді әкелген аналарды,
Бүгінгі мерекемен құттықтайық!
Ұйтқысы жанұяның берекеміз,
Аналар, құтты болсын мерекеміз!
Әрқашан аналарым аман болса
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз!
Құрметті ата – аналар енді бір сәт теледидарға көңіл бөліп тобымыздағы түсірілген видео бейнеге көңіл бөліп, назар аударайық. Әр баланың анасы туралы жылы сөзі және не тлейді.
Залға музыка әуенімен ұл балалар кіреді
Ернар К: Құрметті асыл Аналар, қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар!
Ернар: Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің
алғашқы хабаршысындай болып, Аналар мерекесі келеді.
Нұржан: Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан,қалың қардың
астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да
соншалықты нәзіктігіне қарамастан, барлық қиындық атаулыға
төзімді.
Әділет: Аналар,көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл
мерекелеріңіз,күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Алишер: Бүгінгі күн аяулы аналар сіздер үшін де,
Темерлан: Сәбилеріңіз біздер үшін де ерекше күн болмақ, барлық
уақытта шыдамдылықпен.
Алишер: мейіріммен.
Мәди:ақылмен.
Бекарыс: ыстық құшағында аямай мәпелеп,
Бекултан: еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар бүгінгі
балалық сезіміміз,
Оспан: әсем әніміз
Алишер: көңілді күйіміз
Нұржан:демалыс кешіміз
Бірге:сіздерге арналады.
Жүргізуші: Ау балалар бәрің қандай керемет сұлу жігіт болып
кеткенсіңдер , ал тобымыздың қыздары қайда?
Жүргізуші: Балалар аналарың мерекеге, тойға барар кезде не
істейді?(балалар жауабы) Олай болса бізде сол жерлерден
қыздарымызды іздейік.
Дүкен.
Нұржан: Алло- алло сәлеметсізбе ? Бұл киім дүкені ме? Біздің «Айна »
тобының қыздары сіздерде бар ма екен?
Телефон жауабы: Сәлеметсіз бе! Иә, олар бұл жерде болған сәнді киім
сатып алып мерекеге кетті.
Сән салоны: Алло- алло сәлеметсізбе ? Бұл сән салоны ма екен?
Біздің «Айна » тобының қыздары сіздерде бар ма екен?
Телефон жауабы: Сәлеметсіз бе! Ия, сіздердің қыздарыңыз бізде болған
шаштарын жөндеп, сәнделіп қазір ғана таксимен
балабақшаға мерекеге кетті, күтіп алыңыздар.
Музыка ойналып қыздарды Спанч боб алып келеді. Балалар қыздарды отырғызады.
Спанч боб: Сәлемепсіздер ме аяулы аналар мен әжелер және ұстаздар! Сіздердің қыздарыңыз жолдан өте алмай тұр екен, бұларды жолдан өткізіп едім, олар мені мерекеге шақырды, мені барлығың танитын шығарсыңдар мен кіммін? Балабақшаларың қандай тамаша!
Жүргізуші: Ой Спанч боб саған көп- көп рахмет, біз қыздарымызды тосып отыр едік, сен біздің мерекеде бірге бол. Мерекемізді бастайық.
Жасмин: Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құтықтаймыз мейрамыңмен,
Аяулы біздің аналар.
Таңшолпан: Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай.
Гульназ: Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Айжан: Жүзімізге қараңыз,
Бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат күн-шуақ,
Бізге қымбат Анашым.
Алтынай: Бал бөбегін баптаған
Мамам үшін мақтанам
Аялайтын біздерді
Көп жасасын жақсы адам.
Ән: «Көктем, көктемде»
Ойын: Спанч бобпен «Орамал байлау.»
Жазира: Аялаған анамыз,
Саялаған панамыз.
Шынары боп өсеміз,
Ана-біздің гүліміз.
Ұланды ана,қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Аида Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім ап келді.
Қуантшы күнде енді,
Құттықтаймын сіздерді.
Би: «Көктем келді»
Мадина: Әжемді мейрамымен құттықтаймын
Айтатын ән, беретін гүлім дайын
Әжетай сені жақсы көремін деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Ән: «Әжем» Аружан, Алуа.
Алуа: Мен үшін не керек- бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.
Көрініс: «Үш ана»
Ортаға үстел қойылады. Айналасына үш орындық, үстел астында қуыршақ жатады.
Қатысушылар:
Жүргізуші Диьназ
Қыз- Мадина
Анасы – Алима
Апа- Махаббат
Жүргізуші: Ойыннан келген Мадина
Қуыршағын іздеді
Астынан үстелдің тапты да
Хал сұрауды көздеді
Мадина: Қызым менің қалайсың
Томсырайып қарайсың
Қарның ашып отырмай
Тамақ ішсең жарайсың
Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың
Отыр кәне қасыма
Тамақтанып аласың (қуыршағына тамақ береді)
Жүргізуші: Мадинаның осы сәт
Анасы үйге кіреді
Тағат тапай қызының
Қалын сұрап біледі.
Ана : Мадинажан бүгін сен
Тамақ ішіп көрдің бе
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде сағат ұмытпай
Тамағыңды іш деймін
Тіл алмайсың қырсығып
Осы сені не істеймін. (Қызының қасына тамаққа отырады)
Жүргізуші: Анасының артынан
Аптығып әже кіреді
Ол дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Әже: Айналайын алтыным!
Шаршадың ба жарқыным?
Ішпедің – ау тамақта,
Жайын ойлап жалпының
Қарашығым, қарағым
Түсіңкі ғой қабағың
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалдау тамағың (қызының қасына отырады)
Жүргізуші: Аналардың елжіреп
Ет бауыры барады
Әрқайсысы сұқтанып
Өз қызына қарады
Бәрі бірге Қандай қиын, қараңдаршы
Қырсық мінез бала болу
Бәрінен де оңай емес
Білсеңіздер ана болу.
Би: «Тауық пен балапандар»
Әділет: Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Мерекеде қыздарға,
Достық жырын арнаймыз.
Ернар: Үздік оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын.
Алтынай кейде қырсықса,
Түйіп алар қабағын.
Тамерлан:Алар дәйім, «бестігін»,
Аққұба қыз кескінің.
Орта бойлы Аида,
Ақылды деп естідім.
Оспан: Ыңғайы көңіл-күйінің,
Келгенде байқап бейімін.
Айтарымыз Дильназ қыз,
Еркесі ғой үйінің.
Б.Алишер: Мерекеде көктемгі,
Жақтырмайды өктемді.
Жасминді байқаймыз,
Еркелігі көп тегі.
К. Ернар: Ай секілді өзі де,
Сыңғыр-сыңғыр сөзі де.
Алиманың өзі де,
Әдемі ғой көзі де.
Бекарыс: Айтқанда әнді әуелі,
Ерекше шығар әуені.
Биязы қыз Аружан,
Өзі де ұяң әдемі.
Бексултан: Сабағы ылғи үздікті
Шығарса есеп ызғытты.
Арамызда Мадина,
Өзі ширақ қыз тіпті.
Н. Алишер:Сабағын да меңгерген,
Жақсылықты жөн көрген.
Ата-анасы Әлия,
Әдемі есім теңгерген.
Мәди: Сабағынан қалмайды,
Жалқаулыққа бармайды.
Мерекеде Жазираға ,
Ұлдар жырын арнайды.
Нұржан: Сабағын жақсы оқиды,
Көңілге бәрін тоқиды.
Үндемей жүрген Махаббат пен Оляжан,
Нені ойлап тоқиды?
Әділет: Саған да жыр арналады,
Саусағынан бал тамады.
Екпінділер қатарында,
Кішкентай қыз Елдана.
А. Ернар: Өзіңді ұлдар еледі,
Топтың өзің ерегі.
Сен де еліңе ардақты бол,
Таңшолпан қыз дегелі.
Бексултан: Жақсы оқуды бастады,
Әріптерді ашқалы.
Томпиған қыз Гүльназжан,
Ұйпа – тұйпа шаштары.
Б. Алишер : Жақсы оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын.
Ашуланса Алуа, Айжан ,
Шеттерінен қыратын.
Ойын: «Гүл сыйлау»
Оля: Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын мамашым.
Ән: «Анашым»
Би «Кукарелла»
Елдана: Өмір берген анам қымбат
Бақытты балалық шақ қымбат
Бейбіт өмір қымбат
Сәби тәтті сезім қымбат
Балалар аналарына сыйлықтарын таратып береді
Ән «Әр күніміз тамаша»
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!