Өсімдіктер қалай өседі балабақшадағы ашық сабақтар

0

    Сабақтың тақырыбы:      Өсімдіктер қалай өседі?

Сабақтың мақсаты: Табиғаттағы  өсімдіктердің  қалай жетіліп өсіп дамуы туралы түсніктерін

                                          қалыптастырыу.   Өсімдіктердің   күнделікті ортадағы  қажеттіліктегі мен   

                                    өсіп дамуының байланысын балаларға түсіндіріп бекіту.  Тәжірбиелік               

                                       жұмыстар  арқылы  балалардың табиғатқа деген  көзқарасын  кеңейту.

                                           Экологиялық  тәрбие беру.

 

Көрнекілік: Гүлдер, трек схемалары, өсімдіктердің суреттері,  дәндер, сұйық май, бауырсақ.

 

Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, тәжірбиелік жұмыстар және  ойын.

Қостілдік компонент.  Гүлдер- цветы

                                        Күнбағыс – подсолнух

                                        Растение – өсімдіктер.

 

 

 

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс — әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы күш

Шаттық шеңбері

Балалар жиналды бір топқа

Сен менің, мен сенің досыңмын

Кәне қолды бер досым

Бірге ойнайық қуана.

Балалар бір – бірімен дос болады

Релаксация

Балалардың қолдарына бір гүлден беріп, бір біріне тілек айту арқылы бір шоқ гүлді жинау

Балалар бір – біріне тілек айту арқылы   көңілденеді

Ұйымдастыру кезеңі

1.Балалар бір біріміздің көңілімізді  көтердік , ал енді  айта қойыңдаршы қазір қай жыл мезгілі?

2.Күз айларын атаңдар

3.Күз айларының ерекшеліктері

 

4.Күз туралы кім өлең тақпақ біледі

Балалар жауабы

Күз

 

 

Қыркүйек, қазан, қараша

Суретпен жұмыс

Балалар жауабы.

 

Жаңа сабақ

Есікті  тақылдатып Буратино көңілсіз болып  келеді, қолында жасанды гүл және күнбағыс бар.

 

Тәрбиеші: Балалар мынау кім?

 

Буратино сен неге көңілсізсін, саған не болды

Балалар  таң қалады.

 

 

 Буратино

 

 

Әңгімелесу және сұрақ — жауап

Буратино: Мен кішкентай балаларға жақсы бір  іс жасайын деп едім , қолымнан келмеді, топтарына  әдемі, сәнді, таза ауа болсын деп гүл сыйлаған едім. Ол топтың тәрбиешісі маған: Буратино саған көп рахмет сен бұл жасаны гүлдерді қай дүкенен алдың деді.  Мен таң қалып тұрмын, неге жасанды, олардың жапырақтары жасыл, сабағы да жасыл, гүлі қызыл.

Жоқ мен әкелген гүлдер тірі,   тәрбиешіні түсінбедім

Балаларда аяушылық сезім оянады

Негізгі бөлім

Тәрбиеші: Балалар Буратино бір  нәрсені түсінбей тұр екен  кәне түсіндірейік.

Гүлдер дегеніміз орысша — цветы

Бұл жасанды гүлдердің тірі гүлдерден қандай айырмашылығы бар?

Жасанды гүлдер не?

 

Тірі гүлдер дегеніміз не?

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Кәне балалар Буратиноға тұқым дегеніміз не , ол не үшін керек?

 

Тәрбиеші: Кәне ненің тұқымдарын білесіңдер?

 

 

Буратино: Жоқ мен сенбеймін мына кішкене жанғақты қорапқа салып орамалмен жауып, тибиду- тибиду дух – емен өс десем мынандай ағаш өседі ме? Мен сенбеймін.

 

Тәрбиеші: Жоқ Буратино сағн бұл жерде сыйқырлы сөздер көмектеспейді, бұл жерде білім мен еңбек керек кәне менің балаларым саған мына тірек схема арқылы түіндіріп береді

 

 

Балалар жауап береді

 

Жасанды гүлдерді біз ойнағанда , үйімізді сәндеу үшін қолданамыз. Ондай гүлдер біздің топтада бар.

 

 

Тірі гүлдер өседі, олардың тамырлары болады, суғарамыз, өскен  сайын өзгереді, тұқымдары шығады, гүлі болады.

 

Тұқым өсімдіктер ді өсіру үшін керек.

 

Балалардың әрекеті .

Мынау асқабақ тұқымы одан асқабақ шығады (Асқабақ суретін көрсету) Т.б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың  іс – әрекеті

 

 

 

 

 

 Тәжірбиелік жұмыс

Тәрбиеші: Түсіндің бе Буратино?

 

Түсіндім, түсіндім  ал жарайды мынау менің күбағысым қалай?

 

Ия бұл күнбағысыңда жасанды, ал тірі күнбағыстан не шығатынын менің балаларым саған көрсетеді, күнбағыстың балалар орысшасы — подсолнух

 

Буратино: Мен енді түіндім, тірі өсімдіктерге біз қамқорлық жасауымыз керек екенғой балалар

 

Тәрбиеші: Иә Буратино егер көп күбағыстың тұқымын сықсақ мынандай сұйық май шығады, одан біз  бауырсақ пісіреміз ал сенің күнбағысыңнан  не шығады

Балалар  тәжірбие жұмысын жасайды

Дайын дәнді үгітіп қағаз бетіне салып, жартылай бүктеп  қысады, май шыққанын байқайды

 

Рефлексивті түзету

Ойын : «Жоғары- төмен»

Балалар мен қазір жерде өсетін жемістерді айтқанда  қолдарыңды көтересіңдер, талда өсетін жидектерді айтқанда қолдарыңды төмен түсіресіңдер

Буратино қоштасып  рахмет айтып кетеді

Балалар ойын ойнайды

 

 

 

 

Балалар қоштасады

Күтілетін нәтижие:

Білу: Тірі  өсімдіктер әлемі туралы білу

Игеру: Тірі өсімдіктердің даму жолдарын игеру

Меңгеру: Тірі өсімдік пен жасанды өсімдіктерді ажырата білуді меңгеру.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!